қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
24.10.2019

Талаптыға нұр жауар

 


 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде бірінші курс білім алушылары үшін Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының концерттік залында студент қатарына қабылдау рәсімі өтті.

 

Мерекелік салтанатты университет ректоры Такир Балықбаев ашып, студент жастарды мерекелерімен құттықтады. Одан әрі сөз кезегін алған шара қонақтары С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің ректоры, профессор Талғат Нұрғожин, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Sanaly Urpaq» республикалық жобалық Кеңсесінің жетекшісі Қайыржан Токушев, «Ана тілі» газеті Бас редакторының орынбасары Дәуіржан Төлебаев жастарға жүрекжарды лебіздерін білдірдіп, университет ректорымен ҰБТ нәтижесі бойынша жоғары балға ие болған «Алтын белгі» иегерлеріне студенттік билеттерді табыстады.
Университетте жастардың сыйбайлас жемқор­лыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында мазмұнды жұмыстар жүргізілуде. Осы бағытта университет ректорының тікелей басшылығымен Сыбайластыққа қарсы күрес Кеңесі құрылып, ҚР ­Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Sanaly Urpaq» республикалық жобалық Кеңсесімен тығыз байланыс орнатқан. ­Сонымен қатар, студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы нөлдік төзімділігін қалыптастыру мақсатында университет жанынан «Sanaly Urpag» студенттік клубы құрылды.


Осы орайда, салтанатты шара барысында ­­ҚР ­Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Sanaly Urpaq» республикалық жобалық Кеңсесінің жетекшісі Қайыржан Токушев университет жанынан құрылған «Sanaly Urpag» клуб мүшелеріне куәлік ­табыстады.


Ресми бөлімнен кейін мерекелік шара университе­тіміздің дарынды өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты. Бағдарлама барысында әрбір институттың жалпы құрылымы мен жетістіктерін паш ететін шағын көріністер ұсынылып, «Апорт» КТК ­командасы өздерінің ұшқыр да өр әзілдерімен шараның көркін қыздыра түсті. Қазіргі күні университетімізде 35-тен астам өзге ұлт өкілдері білім алып, ұлтаралық байланысты одан әрі нығайтуда. Одан өзге, биылғы оқу жылында шетелдік білім алушылардың саны да арта түсті. Достық қарым-қатынасты дамытуға бағытталған шетелдік азаматтарымыз бен «Бірлік» студенттік Ассамблеясының мүшелері әзірлеген шағын попурриі жастардың бойын­да өзге ұлтқа деген құрмет сезімдерін арттыра түсті. Концерттік бағдарламаның соңын­да Н.Тілендиев атындағы мемлекеттік фольклор­лық-этнографиялық оркестрінің орындауында композитордың «Ата толғауы», «Махамбет» күйлері ойналып, Б. Байқадамов атындағы мемлекеттік хор каппеласының орындауында «Өз елім» әні шырқалды. Мазмұнды өткен мерекелік шарадан көрермендер әсерлі сезімге бөленіп, ұйымдастырушыларға дән ризашылығын білдірді.

 

 

Авторы: Қазына Бекбенбетова
Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және
жастар саясаты департаменті
директорының орынбасары

24.10.2019 ж.

Ақпарат көзі: anatili.kazgazeta.kz