Негізгі бет
Жаңалықтар
01.11.2019 «Менің мамандығым» байқауының қорытындысы
2019 жылдың 21-27 қазан аралығында Абай университетінде студенттер арасында «Менің мамандығым» тақырыбындағы ең жақсы эссе байқауы өтті. Оның негізгі шарты «Мен неге өз мамандығымды таңдадым?» деген сұраққа жауап бере отырып, болашақ мамандықтары туралы қысқаша әңгіме жазу болды.
Жарысқа барлығы 10 студент қатысып, олардың алтауы жүлделі орындарға ие болды.
Жеңімпаздар: Педагогика және психология институты дефектология мамандығының 3 курс студенті Есенгелді Тамирис 1 орын алды. Жеңімпаз сыйлығы: сұхбат пен фотосессия; материал ҚазҰПУ сайтында және білім саласындағы басқа басылымдарда жарияланады. Сондай-ақ, Тамириске «Абай әндері» концертіне және Н.Тілендиевтің мемориалдық мұражайына билеттер табыс етілді.
2 орынды Сорбонна-Қазақстан институтының «Халықаралық қатынастар» мамандығының бірінші курс студенті Асанова Индира иеленді. Ол сонымен бірге «Абай әндері» концерті мен Н.Тілендиевтің мемориалдық мұражайына екі билет алды.
3-орынды Кампит Ақбаян, Садырбекова Аяужан және Қуанбай Жасмин бөлісті. Үш қатысушы да филология және көптілді білім беру институтының «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1 курс студенттері. Оларға Абай әндерінің концертіне екі билет және Н.Тілендиевтің мемориалдық мұражайына бір билет берілді.
Тарих және құқық институтының «Тарих» мамандығының 2-курс магистранты Есова Райсаның эссесі жоғары бағаланды. Студенттеркәсіподағы оған Ол оған Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясына жылдық абонемент табыс етті.
Барлық қатысушыларға алғыс айтамыз және жүлде ала алмағандар үшін тосынсыйлар дайындадық. Өз сыйлықтарыңызды Студенттер кәсіподағынанала аласыз.
Байқауды ұйымдастырушылар - Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім, Студенттер кәсіподағы.
Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім |