қазақша · русский · english
   
Кафедра тынысы

Кафедраның өмірі. ҚР Білім және ғылым министрінің 21 маусым 2010 жылғы №316 «Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарының классификаторы және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру кәсіптері мен мамандықтары классификаторларына сәйкестік кестесін бекіту туралы» бұйрығына қосымшалар енгізу туралы ҚР Білім және ғылым министрінің 28 сәуір 2015 жылғы № 248 бұйрығын орындау және түлектердің білім беру құзыретін күшейту мақсатында «Бастапқы әскери дайындық теориясы мен әдістемесі» кафедрасының атауын «Педагог-ұйымдастырушы және бастапқы әскери дайындық» деп өзгертуге ұсыныс берілді.

Бұл ұсыныс төмендегі себептерге байланысты туындады:
1. Аталмыш мамандық бойынша бітірушілер қызмет көрсету аясы кеңеюде;
2. Қазіргі уақытта жасөспірімдермен жүргізілетін тәрбие жұмыстарында қиын мәселелердің күрт өсуі осы салада мамандар дайындауды белсендіруді талап етуде;
3. Әскери-патриоттық тәрбие және арнайы пәндерді оқытумен қатар құқықтық, экологиялық және адамгершілік мәдениет төңірегіндегі мәселелерді тереңдете оқыту, алған білімдерін өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қолдануға мүмкіндік береді;
4. Біздің түлектер білім беру ұйымдарымен қатар тұрғылықты жерлері бойынша педагог-тәрбиеші, ішкі істер органдарының ювеналдық полиция бөлімдерінде сұранысқа ие бола алады.
Осыған байланысты 2016-2017 оқу жылында кафедраның атауы өзгертілді.