қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
13.11.2019

Абай атындағы ҚазҰПУ магистранттары мен докторанттарының DAAD бағдарламасы аясындағы ғылыми тағылымдамасы

 

2019 жылғы 3-13 қараша аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ және Германия академиялық алмасу қызметі (DAAD) қаржыландыратын «Шығыстық серіктестік» жобасы аясында университетіміздің Педагогика және психология, Филология және көптілді білім беру және Тарих және құқық институттарының докторанттары мен магистранттары Гейдельберг педагогикалық университетіне (Германия) ғылыми тағылымдамаға барып қайтты.

 

Тағылымдама бағдарламасында ғылыми зерттеулер, цифрлық және инновациялық технологияларды білім беруде қолдану, мәліметтер базасымен және SPSS-пен жұмыс істеу, инклюзивті білім беру үшін мамандар даярлау бойынша дәрістер, семинарлар мен әдістемелік жұмыстар өткізілді. Сонымен қатар, қатысушылар неміс және ағылшын тілдерін, музыка мен психологияны оқыту бойынша көпшілікке арналған дәрістерге және семинарларға қатысты. Университет экскурсия ұйымдастырып, каталогтармен және диссертациялардың электронды мәліметтер базасымен, оқулықтармен және монографиялармен жұмыс жасауға мүмкіндік берді.


Практикалық бөлім жұмысында магистранттар мен докторанттар мұражайға және неміс жалпы білім беру мектебіне барды, онда қатысушылар ғылымның заманауи жетістіктерімен, оқу үдерісі, құрылымдық мектеп және оқытудың заманауи әдістерімен танысты.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Халықаралық ынтымақтастық департаменті