қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
18.11.2019

«Педагогикалық ринг» өткізілді

 

2019 жылдың 14 қарашасында Жастар жылы аясында Математика, физика және информатика институтында білім алушылардың педагогикалық оқу жетістіктері бойынша «Педагогикалық ринг» зияткерлік сайыс өткізілді.


Педагогика және психология институтының педагогика кафедрасының доценті Светлана Жұмашева ұйымдастырған бұл ашық интерактивті шара болашақ мұғалімдердің педагогикалық құзіреттілігін, шығармашылық және ұтқырлығын дамыту мақсатында өткізілді.

 

Сайыс алты шартты кезеңнен тұрды. Сонымен, егер «Блиц» бірінші кезеңінде қатысушылардың теориялық білімі бағаланса, келесі практикада - «Кейс-стади» - жаңартылған білім беру мазмұны контекстінде нақты мектеп мәселелерін педагогикалық шешудің түрлі нұсқаларын іздеудегі оқушылардың дағдылары сыналды.

 

Келесі «Блеф» кезеңінде қазіргі білім туралы қоғамда жиі кездесетін сұрақтарға кәсіби сауатты және ұтқыр жауаптар беру талап етілді. Төртінші кезеңде қатысушылардың қазіргі оқушының денсаулығын жақсартуға бағытталған әртүрлі физикалық жаттығулар жасауға дайын екендігін көрсетті.

 

«Экспромт» кезеңіндегі педагогика дәрістері әр қатысушысының жан-жақты білімін, олардың өздеріне берілген бәсекеге қабілетті тақырыпты мазмұнды және шығармашылық тұрғыда түсіндіре алу қабілеттерін көрсетті. Соңғы кезеңде қатысушы командалар оқытушы мен оқушының заманауи оқу-әдістемелік құралдарына жарнама жасау бойынша жарысты.

 

Қорыта айтқанда, зияткерлік сайыс үлкен қызығушылық, танымдық тәуелсіздік және қатысушы командалардың ұжымдық жауапкершілігін, олардың педагогикалық қабілеттерін көрсетті.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Педагогика кафедрасы