қазақша · русский · english
   
Психология ғылыми-зерттеу институты
 Намазбаева Жамиля Идрисовна

Психология ғылымдарының докторы, профессор
Төле би көшесі, 31
 8-701-299-10-18
hii psy.@mail.ru

 

Психология ҒЗИ Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ректорының бұйрығымен 2008 жылдың 1 қыркүйегінде ашылды. Институт директоры болып профессор Ж.Ы.Намазбаева тағайындалды. Университет Кеңесімен аталған институттың ғылыми-зерттеу, білім беру және практикалық іс-әрекетін жүзеге асыратын «Қағидасы» бекітілді. Кіші ғылыми қызметкердің (КҒҚ), аға ғылыми қызметкердің (АҒҚ), жетекші ғылыми қызметкердің (ЖҒҚ), бас ғылыми қызметкердің (БҒҚ) және Психология ҒЗИ директорының лауазымдық нұсқаулары жазылып бекітілді.

Абай атындағы ҚазҰПУ-дің даму стратегиясына сәйкес психологиялық ғылым мен практиканың өзекті мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстар институттың басты қызметтік әрекеті болып табылады.  

2009-2010 оқу жылынан бастап Психология ҒЗИ бакалавриатта оқитын студенттер қабылданған жоқ. Психология ҒЗИ негізгі мақсаты болып ЖОО оқу-тәрбие үрдісін психологиялық қамтамасыз ету бойынша гуманистік-бағдарлық кешенді тақырыбын жетілдіру болып табылады.

ҚР психолог мамандарын қайта дайындау және біліктілігін жетілдіру бойынша жоспарлы курстарды өткізу бағдарламасын жасау жұмыстары, психологиялық мәселелер бойынша курстар, университет студенттері мен ПОҚ тұлғалық жетілдіру семинарлары белсенді түрде жүргізіліп басталды. Дөңгелек үстелдер, әдіснамалық семинарлар, көшпелі тренингтер, жеке кеңес берулер және т.б. жұмыстар жоспарланған.

 Қысқаша тарихи анықтама

Психология ҒЗИ осындай типтегі Мемлекеттік мекемелердің алғашқысы болып табылады және Абай атындағы ҚазҰПУ құрылымына кіреді. Бұл Республикамыздағы заман талаптарына және сұраныстарына сәйкес ашылған жалғыз ғана Психология ҒЗИ. Институттың басты әрекеті болып Мемлекетіміздің Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында басшылыққа алған негізгі міндеттері алынды. Қоғамның әлеуметтік тапсырысына, пәнаралық қатынас және білім беру саласындағы адамның жаңа орнына байланысты институт іс-әрекетінің басты парадигмасы ғылым, білім беру және практиканың бірлігін іске асыру болып саналады. Жүргізіліп жатқан зерттеулер әлемдік дағдарысқа байланысты өзекті мәселелерге айналды. ҚР білім беру және тәрбие істеріне байланысты жоба, бағдарлама, тұжырымдамаларды іске асыруда жүйелі психологиялық көзқарастың жоқтығы  Психология ҒЗИ зерттеулерінің негізгі міндеттері болып табылады.

Психология ҒЗИ іс-әрекеттеріне Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері мен оқытушыларына жоспарлы түрде дәрістер, семинарлар, кеңес берулер және тренингтерді университеттің барлық факультеттеріне жүргізу арқылы психологиялық көмек, психологиялық біліктілік деңгейін жетілдіру, психологияландырудың түрлі жұмыстары бойынша белсенді түрде істер атқарылуда. Психикалық денсаулық тың, 1-курс студенттерінің әлеуметтік бейімделу мониторингісі жыл сайын жасалады және олардың нәтижелері бойынша үлкен ғылыми өнімдер жасалды (Практикалық психология, Тәлімгерге арналған әдістемелік ұсыныстар, Тренингтер және т.б.)

Халықаралық байланыстар Ресей, Германия, Франция елдерімен белсенді жүргізілуде.

Абай атындағы ҚазҰПУ Психология ҒЗИ әр тоқсан сайын ҚР ЖАК тізімінде бекітілген «Психология» сериясындағы «Хабаршы» журналы басылып шығарылады.