қазақша · русский · english
 
"Интеллектуалды ұлт" ғылыми орталығы
     
     
     Даутова Сауле Батталқызы
    Филологиялық зерттеулер ғылыми орталығының директоры
    филология ғылымдарының докторы
    Қазыбек би көшесі, 30, 203 кабинет
     291-29-72, 8-701-724-72-32
    a730chn@mail.ru

     

    Қазақстан жоғары оқу орындарының ең алғашқысы және қара шаңырағы Абай атындағы ҚазҰПУ-де қазақ тілі мен әдебиетін дамыту, шетел тілдерін оқыту, филологияның ғылыми-әдістемелік мәселелерін зерттеу қашанда басым бағыттардың бірі болды. Филология саласындағы отандық ғылымның іргетасын А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедов, С.Сейфуллин, М.Әуэзов, Қ.Жұбанов, М.Ғабдуллин сияқты т.б. көрінекті ғалымдар мен тарихи тұлғалар қалады. Олардың ғұмырнамалары біздің университетпен тығыз байланысты. Ұлттық университет құрамында филология бойынша республика деңгейінде алғашқы ҒЗИ-дың ашылуы дәстүрдің қисынды жалғасы болды, өйткені тіл мен әдебиет арқылы көрінетін рухани және мәдени құндылық еліміздің егемендігі кезінде жалпыұлттық және мемлекеттік дамуының негізгі ресурсы болып табылады. Сонымен қатар аталмыш шешім зерттеушілік ЖОО-ларды қалыптастыру үрдісін айқындай отырып, университеттік білім мен ғылымның инновациялық даму динамикасына сәйкес келеді. 2016 жылдың қыркүйегінен бастап Филологиялық зерттеулер ғылыми орталығы (ФҒЗО) болып қайта құрылымдалды.

     

    ФЗҒО ғылыми, ғылыми-ұйымдастырушылық, халықаралық, ғылыми-әдістемелік қызмет түрлерімен айналысады.

    Орталықтың негізгі міндеттері филология саласында инновациялық іргелі, нәтижелік-ізденістік қолданбалы зерттеулерді дамыту, жоғары мектепке арналған сапалы жаңа ғылыми-зерттеу базасын қалыптастыру, филологиялық білім беруді жаңғырту болып табылады.

     

    ФЗҒО-ның 2017-2022 жылдарға арналған ғылыми-зерттеу қызметінің басым бағыттары:

    - әлемнің тілдік, мәдени және біліми кеңістігіндегі қазақ тілі мен әдебиеті:

    - филологияның дамуындағы заманауи ғылыми тұжырымдар мен инновациялық технологиялар;

    - филология ғылымындағы жалпыәлемдік және аймақтық әрі ұзақ мерзімдік үрдістермен үйлесуде анықталатын инновациялық ғылыми бағыттар дайындау арқылы филологияда білімнің жаңа ғылыми парадигмасын қалыптастыру, зерттеудің өзекті де көкейкесті басымдықтарын анықтау.

     

    ФЗҒО базасында өткен мерзім ішінде ҚР БҒМ тарапы бойынша 3 іргелі жоба және 7 теориялық-қолданбалық жоба орындалды (ғылыми жетекшісі - ф.ғ.д. Даутова С.Б.), олардың зерттеу нысаны:

    - әлемнің көркемдік және тілдік бейне-көрінісі - ізгі құндылықтар айнасы;

    - жоғары мектептегі филологиялық білім беруді ақпараттандыру;

    - ҚР президентінің еңбектеріндегі білім стратегиясы тұжырым-дамаларының қалыптасуы;

    - латынша жазуға көшуге байланысты қазіргі кезеңдегі қазақ жазуының теориялық және қолданбалы мәселелері;

    - әлемнің көркем және тілдік бейнесі жастарды рухани тәрбиелеу көзі;

    - М.Әуезовтің көркем әдебиеттік және ғылыми-теориялық мұра-ларындағы тіл мен әдебиет мәселелері;

    - тарихи тұлғаларды сомдаудағы ұлттық драматургияның көркем-эстетикалық әлеуеті.

     

    Ауқымды іргелі және қолданбалы нысандар инновациялық ғылыми талдаулардың, заманауи ықпалдастық құралдарының әдіснамасын пайдалану арқылы зерттелуде, бұл - мазмұны мен маңызы бойынша жаңа теориялық және практикалық қорытындылар жасауға қол жеткізеді. Филологияның ғылыми айналымына жаңа материалдар, жаңа зерттеу нысандары енгізілді, талдаудың заманауи әдіснамалары пайдаланылды.

     

    Зерттеулер нәтижелерінің инновациялығы мен ғылыми жаңашылдығы ҚР Әділет Министрлігінің жеке меншіктік құқық бойынша Комитетінің сараптау және сертификациялау процедурасымен бекітілді. Зерттеулер нәтижелеріне зияткерлік меншік құқығы департаментінен 7 авторлық  және интеллектуалдық құқық куәліктері алынды. Ғылыми зерттеулердің іргелі теориялық идеялары мен әдіснамалық практикалық қорытындылары ЖОО жүйесіндегі филологиялқ білім мазмұнын жаңартуға бағытталған және оқу үдерісіне зерттеулердің монографиялық басылымы, авторлық бағдарлама және арнайы курс ретінде енгізілді, сондай-ақ филолог-оқытушылардың біліктілігін жетілдіру курсы бойынша авторлардың дәрістерінде қолданылды. Электронды оқу материалдары филологтарға арналған ақпараттық білімдік ашық ортаны қалыптастыруға ықпал етеді.

     

    Филологиялық зерттеулер ғылыми орталығы тарапынан халықаралық ғылыми байланыс орнату бойынша да маңызды істер атқарылды. Филологияның өзекті мәселелері бойынша мамандар арасында ғылыми кеңес беру, бірлесе ғылыми зерттеу жүргізу, шетелдік ғылыми ортада ғылыми нәтижелерді ортаға салып, талқылаудан өткізу жүзеге асырылды. «Болашақ» бағдарламасының тағылымдамасы аясында Сантьяго де Компостело (Испания) университетінің филолог ғалымдарымен салыстырмалы әдебиеттану бағыты бойынша ғылыми зерттеу орындады. Орталық қызметкерлері ғылыми байқауларға белсене қатысады, Тюрксой, Болашақ,  ТМД жетекші ғылыми орталықтары мен  университеттерінің гранттарына ие болды.