Қолданбалы физика және математика институты
Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры бұйрығының 01.09.2009г № 12.01.09/532 кеңесі шешіміне сәйкес 2009 жылдың 30 маусымынан бастап жұмыс жасауда. Институтты құрудың мақсаты университете орындалатын физика-математикалық бағыттар (ГП) бойынша ғылыми - зерттеу жұмыстарын (ҒЗЖ) және ғылыми жобалардың бәсекеге түсу мүмкіндіктерін жоғарылату болып табылады. КФ және М ҒЗИ Абай атындағы ҚазҰПУ физика-математика факультеті корпусы ғимараттарында, орналасқан Төле би көш 86,. КФ және М ҒЗИ құрылымы: Университет бюджетімен қаржыландырылатын КФ және М ҒЗИ құрамына 4 бөлімшелер кіреді Физика-технологиялық оқу-ғылыми орталығы; Инновациялық технология лабораториясы Компъютерлік механикалар лабораториясы Нанотехнология бойынша ғылыми білім беретін лаборатория М және КФ ҒЗИ негізгі бағыттағы қызметі және тапсырмасы ҚР жоғарғы мектеп білімі жүйесінің осы уақыт алдында мамандарды әзірлеу сапаларын жоғарылату негізгі мәселелердің бірі. Оның шешімі барысында теңдей дәрежеде оқу, оқу-ғылыми жұмыстарында сондай-ақ ғылыми зерттеу институттары қатысып отыру керек. Қолданбалы физика және математика институты, университет бөлімшесі физика- математика ғылымдары нысанында іргелі және қолданбалы зерттеулерді жүзеге асырады, сонымен қатар физика- математикалық бағыт бойынша мамандар әзірлеуде білім үрдістерінде лабораториялық базалар функциясын жүзеге асыру мүмкіндіктері бар және студентер мен магистранттарды ғылыми жұмыстарға қатыстыру мүмкіндіктері жетерлік. Институтта физика, математика және информатика мамандықтарының жоғарғы курс студенттеріне арналған арнайы курстар жүргізіледі курстық жұмыстар, диплом және диссертациялық жұмыстар орындалады және өңделеді. Қолданбалы физика және математика институты өз қызметінде ғылыми зерттеу тиімділігін жоғарлату және дамытуға бағытталған, оларды қолдануды жылдамдату және алынған нәтижелерді оқу үдерістерімен өндірістерге енгізу. Университетте, физика-математика ғылымдары нысанында жүргізілген бастапқы және қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүйелеу, құрастыру және бағдарлау. Физика-математикалық бағыт бойынша ғылымның бастапқы негіздерін дамытуға қабілетті зерттеулер жүргізу және қазіргі таңда Қазақстан Республикасы үшін қажетті актуалді қолданбалы есептерді шешу. Ғылыми зерттеулердегі инновация мен ақпараттық техникалар нәтижелерімен оқу процесін байыту. Студентер мен магистранттардың өндірістік тәжірибеден өтулерін қамтамасыз ету, курстық және дипломдық жұмыстарын әзірлеу, магистрлік және phd диссертацияларын дайындау, институт тапсырмалары бойынша студентер мен магистранттарды ҒЗЖ-мен айналысуға қызығушылықтарын тудыру. Ғылыми зерттеулер мен өңдеулер нәтижелерін енгізу және жүзеге асыру Қолданбалы физика және математика институтында жүргізілген бастапқы тапсырмалар мен қолданбалы ғылыми- зерттеу жұмыстары құрлымдық бөлімшенің негізгі ғылыми бағыттары мен анықталады.
|