Компютерлік технология лабораториясы
Есептеуіш техникалар арнайы лабораториясы 25.03.2001 ж Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті ректорының бұйрығымен ашылды, механика және физика мамандығы бойынша лабораториялық сабақтарды өткізу және дайындау бойынша оқу үрдістерін бақылап отыру мақсатында, 2010 жылдан бастап есептеуіш техника лабораториясы болып өзгертілді.
Лабораторияның негізгі тапсырмалары:
- Механика және қолданбалы физика кафедрасы мамандықтар бойынша оқитын студенттердің оқу, ғылыми - зерттеу және тәрбиелік жұмыстарын бақылау.
- Студенттердің оқу-әдістемелік оқу формаларын және әдістерін қамтамасыз ету және жетілдіру.
- механика және физика нысанында ҒЗЖ тиімді өткізу және нәтижелерін оқу үрдістеріне енгізу.
Лаборатория қызметкерлері сызықты емес механикалық жүйелерді математикалық пішіндеу әдістерін әзірлеуге және буын және байланыстарды есепке ала отырып, айнымалы құрылымдар тетіктерін динамикалық зерттеулерге қатысады
|