қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
28.11.2019

Миколас Ромерис университетінің заң мектебінің деканы Л.Якулевич Тарих және құқық институтына келді

 

2019 жылдың 18- 28 қарашасы аралығында Тарих және құқық институтының «Құқықтану» кафедрасына академиялық ұтқырлық бағдарламасымен Литва Республикасының Вильнюс қаласында орналасқан Миколас Ромерис университеті Құқық мектебінің деканы, профессор Лира Якулевич Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Ақтолқын Құлсариевамен кездесіп, жоғары білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жетілдіру жолдарын талқылады.

 

Сонымен қатар, «Құқықтану» мамандықтарының студенттері мен магистранттарына Европалық құқық саласы бойынша дәрістер оқылып, кафедраның профессор-оқытушылар құрамымен Миколас Ромерис университетіннің (www.mruni.eu) құқық мектебімен арадағы ғылыми байланысты бекітіп, тәжірибе алмасулар орын алды.

 

   

 

   

 

Chair of jurisprudence