Негізгі бет
Жаңалықтар
05.04.2011 2011 жылғы 29 наурызда сағат 15.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде үздік оқитын, әлеуметтік жағынан нашар қамтылған, көп балалы отбасыларынан шыққан студенттерге қосымша мемлекеттік грант тапсыруға арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Оқу жылының басында 930 студент тегін оқу грантына ие болса, қазір оған тағы 104 студент қосылып отыр. Грант иелерін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогимкалық университетінің ректоры, профессор С.Ж.Пірәлиев құттықтады. Студенттерге қосымша білім гранттарын бөлу Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстанда Білім беру жүйесін қолдау, көтермелеу, халықаралық инновациялық технологияларды кеңінен игере отырып, әлемдік білім кеңістігіне ену жөніндегі сара саясатының жарқын көрінісі болып табылады. Салтанатты жиынға Алматы қалалық әкімшілігі мен қалалық Білім департаментінің өкілдері, Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессор-оқытушылары, студенттері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. |