қазақша · русский · english
   
Сыртқы академиялық ұтқырлық

Сыртқы (шетелдік) академиялық  ұтқырлық - бұл  білім алушылар немесе оқытушы-зерттеушілердің  белгілі бір академиялық  мерзімде басқа білм беретін немесе ғылыми мекемеде (шетелде) оқу, дәріс беру, зерттеулер өткізу немесе біліктілікті жоғарылатуы болып табылады.

Студентердің  сыртқы академиялық мобилділігінің басты міндеті- таңдау бойынша дайындауға бағытталған жан-жақты «еуропалық» білім алуына мүмкіндіктер беру, басты ғылыми мектептердің дәстүрлі қалыптасуы жалғасып келе жатқан әйгілі білім  орталықтарына қол жетімділікті қамтамасыз ету,  еуропалық мәдениеттің барлық нысанында студенттің танымын кеңейту.

Абай атындағы ҚазҰПУ қызметі ҚР білімін дамыту мемлекеттік бағдарламасына сәйкес негізгі ережелерінің бірі студенттер мен оқытушылардың академиялық мобилділігі болып табылатын Болон  Декларациясы қағидаларын жүзеге асыру.

Сыртқы академиялық мобилділіктерді қамтамасыз етуді  Абай атындағы ҚазҰПУ академиялық мобилділік Секторы жүзеге асырады.

Сыртқы академиялық мобилділік бағдарламасына қатысу үшін қажетті құжаттар:

  • Шетел жоғарғы оқу орнынан шақырту хаты
  • Ректор атына өтініш
  • Үлгі бойынша өтініш-2 дана
  • Келісім - 2 дана.
  • 3 жақты келісім - 3дана.
  • Жеке оқу жоспары (ИУП)
  • Ұсыныс хат
  • Студентке мінездеме
  • Мекен-жай анықтамасы
  • Транскрипт
  • Жеке куәлік көшірмесі
  •  086 формадағы дәрігерлік анықтама
  • Файлдық папка 

2015-2016 оқу жылындағы сыртқы академиялық ұтқылық бағдарламасы бойынша

шетел ЖОО-на жіберілген студенттер мен магистранттардың тізімі