қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
11.12.2024

«Жасанды интеллект: білім беру саласындағы қолданысы» ғылыми-танымдық кездесу 


2024 жылдың 6 желтоқсанында «Ақылдың кені» жобасы аясында «Хәкім Абай» Ұлттық тәрбие орталығы және Математика, физика және информатика факультетінің ұйымдастыруымен «Жасанды интеллект: білім беру саласындағы қолданысы» тақырыбында ғылыми-танымдық кездесу өтті.

 

Кездесудің спикері IUTH университетінің аға оқытушысы, «Болашақ» халықаралық стипендиаты, Ұлыбритания University of Surrey түлегі, Alanya Alaaddin Keykubat университетінің PhD докторанты Нұржан Әбдіразақов болды.

 

Жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін, білім беру саласындағы әлеуетін, соның ішінде оқу процесін автоматтандыру, персонализациялау және басқару жүйелерін дамытуға арналған қолданыстарын таныстыру мақсатында ұйымдастырылған шараға Математика, физика және информатика факультетінің ұстаздары мен 50-ден аса факультет студенттері қатысты.

 

Кездесу барысында студенттер жасанды интеллектінің білім беру саласындағы рөлі мен мүмкіндіктері туралы пайдалы ақпарат алып, қызықтырған сұрақтарын қойды.

 

Кездесу барысында студенттер жасанды интеллектінің білім беру саласындағы рөлі мен мүмкіндіктері туралы пайдалы ақпарат алып, өз көзқарастарымен бөлісті. Қызықтырған сұрақтарын қойып, заманауи технологиялардың білім беру саласындағы ықпалын талқылады. Бұл оларға жаңа идеялар мен перспективалар алуға мүмкіндік берді.

 

Шара соңында «Хәкім Абай» ұлттық тәрбие орталығының жетекшісі Жанар Джаймаханова кездесу қонағы Нұржан Әбдіразақовке арнайы уақыт бөліп, дәріс өткізгені үшін алғысын білдіріп, Басқарма төрағасы-ректордың алғыс хатын жолдап, сый-сияпатын табыстады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

«Хәкім Абай» Ұлттық тәрбие орталығы




Кері оралу