Студенттік өмір | Өткізілген іс-шаралар
17.12.2024
«Ана тәрбиесі – ұлт өнегесі» рухани-танымдық кездесу кеші 2024 жылдың 13 желтоқсанында «Ақылдың кені» жобасы аясында «Хәкім Абай» Ұлттық тәрбие орталығы және Тарих және құқық факультетінің ұйымдастыруымен «Өмір» мектебінің ұстазы, отбасы құндылығын, әйел бақытын дәріптеуші, ғалым, дінтанушы Құралай Жарболмен «Ана тәрбиесі - ұлт өнегесі» тақырыбында рухани-танымдық кездесу кеші өтті.
Ананың қоғамдағы рөлін арттыруға, әр азаматтың ата-анасына құрмет көрсетіп, алғыс айта білуге тәрбиелеу, жастардың рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға, отбасы институтын сақтауға және нығайтуға бағытталған, құндылықтарды дәріптеп, ұрпақ сабақтастығын жалғау мақсатында ұйымдастырылған шараға және Тарих және құқық факультетінің ұстаздары мен 50-ден аса факультет студенттері қатысты.
Шара барысында спикер Құралай Жарбол: «Ана - балаға алғашқы тәрбие беруші, оның дүниетанымын, мінез-құлқын және өмірлік ұстанымдарын қалыптастыратын тұлға. Анадан алынған тәрбие - бұл ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын даналық, мәдениет және дәстүрлердің негізі», - деп, ана тәрбиесі - бұл тек жеке отбасы шеңберінде ғана емес, бүкіл қоғам үшін маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ, ана мен қыз арасындағы байланыс, сырласу, балаға жеткілікті көңіл бөлу, баланың мінез-құлқы мен өмірлік көзқарасын қалыптастыруда ананың атқаратын рөлі туралы ой-пікірімен бөлісті.
Ал өз кезегінде қатысушылар кездесу тақырыбы аясында пікірлерін білдіріп, анадан берілетін тәрбиенің және құндылықтардың қоғамның мәдени және моральдық негізіне қалай ықпал ететінін талқылады.
Шара соңында «Хәкім Абай» ұлттық тәрбие орталығының жетекшісі Жанар Джаймаханова кездесу қонағы дінтанушы Құралай Жарболға арнайы уақыт бөліп, дәріс өткізгені үшін алғысын білдіріп, Басқарма төрағасы-ректордың алғыс хатын жолдап, сый-сияпатын табыстады.
«Хәкім Абай» Ұлттық тәрбие орталығы Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|