қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
03.11.2021

Адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) туралы не білу керек?

2021 жылдың 3 қарашасы күні Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменттің ұйымдастыруымен «АИТВ және оның алдын-алу шаралары» тақырыбынды дәріс өткізілді. Шараны Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент директоры Қазына Бекбенбетова ашып, салауатты өмір салтын ұстану бойынша университетте атқарылып жатқан шаралар туралы айтып өтті.

 

​ Алматы қалалық ЖИТС-пен күресу орталығының эпидемиолог- дәрігері Мадина Үсенқұл «АИТВ және алдын-алу шаралары» туралы дәріс оқып, жұқпалы ауруларудың себеп-салдарлары туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, шара барысында ​ жастарға АИТВ-нің алдын алу және болдырмау бойынша кеңестер мен жұқпалы аурудың қауіпі туралы ақпараттар берілді.

 

Статистикаға сүйенсек, қазіргі уақытта әлем бойынша АИТВ инфекциясын жұқтырғандардың ​ 80 пайызын 19-25 жас аралығындағы​ жастар құрап отыр.

 

Осы орайда, АИТВ-нің алдын алу бойынша өткен дәріс білім алушылардың салауатты өмір салтын ұстану бойынша білімдерін жетілдіре түсті.

 

   

 

   

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменті

 




Кері оралу