қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
26.09.2023

Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері медиация бойынша дәріс тыңдады

 

2023 жылдың 25 қыркүйегінде «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КеАҚ Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты департаментінің бастауымен «Халықаралық құқық қорғау орталығы» РҚБ Алматы қаласы әкімдігінің «Social project management» қоғамдық маңызы бар жобасы негізінде «Даулы мәселелерді шешу бойынша іс-шаралар кешенін өткізу және медиация институтын жандандыру» тақырыбында лекция-тренингін өткізді.


Іс-шараға лектор, Халықаралық құқық қорғау орталығының президенті, Қазақстан медиаторлар Ассоциациясының директоры, жаттықтырушы-медиатор Жакупов Жанділдә Әжіғалиұлы, Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты департаментінің бас маманы Атамбаева Айым Болатқызы, Педагогика және психология және Тарих және құқық институттарының оқытушылары, студенттері қатысты.
Лекция барысында Қазақстандағы медиацияның дамуы мен оның қоғамдағы орын алатын рөлі туралы талқыланды. Кезіндегі билер төрелігі мен бүгінгі медиацияның айырмашылығы мен ұқсас жақтары сөз болды.


Жаттықтырушы-медиатор Жакупов Жанділдә Әжіғалиұлының пікірінше, медиация - қоғамның санасын жаңғыртуда маңызды рөл атқарады.


Жалпы, медиация ұғымы - адамның бостандығына, құқығына құрметті арттыру, екі тараптың қарым-қатынасының қалыптасуына, әлеуметтік және басқа дауларды тиімді шешуге бағытталған ерекше құрал.


Осылайша, лектор қылмыстық және азаматтық істерді қарау барысында медиацияның құқықтық механизм ретінде орнығуына ықпал ету керектігін айтты.


Кездесу соңында студенттер анкета толтырды. Сонымен бірге білім алушылар лекторға медиация саласындағы маңызды сұрақтар қойып, қанағаттанарлық жауап алды.

 

  alt=  

 




Кері оралу