Студенттік өмір | Өткізілген іс-шаралар
10.03.2016
НАР ЖҮГІН АЗАМАТША АРҚАЛАҒАН... 2016 жылдың 2 наурызы күні Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Тәрбие басқармасы мен Жалпы тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен «Нар жүгін азаматша арқалаған...» атты мерекелік кеш өтті. Аталған шараға ҚР Еңбек сіңірген әртісі Лидия Кәденова, филология ғылымдарының докторы, профессор Жамал Мәнкеева, Адам ұрпағын өрбіту институтының директоры, биология ғылымдарының докторы Салтанат Байқошқарова, белгілі дизайнер Аида Кауменова, талантты әнші Жазира Байырбекова сынды ғылым, медицина, өнер салаларында қызмет етіп, елміздің өркениетті дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген қазақтың майталман арулары қатысты. Мерекелік шара әйел-ананың көркемдік образын бейнелейтін шағын фильм көрсетілімімен басталды. Шара модераторы Жалпы тіл білімі кафедрасының меңгерушісі Қалбике Есенова кешті пікір алмасу форматында жүргізді. Кеш қонақтары өздерінің өмір жолынан қысқаша мағлұмат жасап, студент жастар тарапынан қойылған сұрақтарға көңілге қонымды жауаптар берді. Университетіміздің өнерпаз студенттерімен әзірленген шағын концерттік бағдарлама кеш көркін кіргізе түсті. Қара шаңырақ білім ордасының өнерлі де өр жастары келген қонақтарға өлең шумақтарын арнап, майталман арулардың мерейін асырды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|