қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
29.04.2022

Honors College жобасы іске асырылуда

 

2022 жылдың 28 сәуір айында университетіміздің Басқарама төрағасы-ректор Дархан Біләлов және әлеуметтік даму жөніндегі проректор Шыңғыс Нұрланов Honors College қосымша білім беру жобасына қатысу үшін іріктеуден өткен 100 студентпен кездесуі өтті.

 

Іс-шара аясында Шыңғыс Нұрланов Honors College жобасы бойынша таныстырылым ұсынып, қатысушылар үшін оның ерекшеліктері мен кәсіби өсу перспективалары туралы айтып берді.

 

Honors College - жоғары білім алуда табандылықпен өз мамандығын еркін меңгеріп, дарынды студенттерге арналған қосымша білім беру жобасы. Мақсаты - студенттердің білімін жан-жақты жетілдіру, академиялық білімнің жаңа аспектілерімен танысу, білім алушыларда көшбасшылық қасиеттер мен жаңашылдық дағдыларын қалыптастыру.

 

Honors College қосымша білім беру жобасы студенттердің қызығушылығын арттырып, жобаға қатысыты сұрақтарға жауап алды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу