қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
26.05.2022

Университет жатақханаларындағы студенттермен және қызметкерлермен кездесу


2022 жылғы 25 мамырда университетіміздің жатақханаларының студенттерімен және қызметкерлерімен кездесу өтті. Кездесу барысында, Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент директоры м.а Дидарбек Ділдәбек референдумның маңыздылығы туралы толық ақпарат берді. 2022 жылы 5 маусымда республикалық референдум өткізіледі. Референдум - мемлекеттің ең маңызды мәселелерін халық болып шешудің басты тетігінің бірі. Сол арқылы әрбір әрекетімізді, атқарар істерімізді жүйелі жүргізе аламыз. Әрбір азаматқа өз ұстаным пікірінің мемлекет үшін маңызды екенін түсінуге, өзін ортақ Отанымыздың бір бөлшегі ретінде сезінуге мүмкіндік береді.

Алдағы референдумға студенттер мен қызметкерлер белсенді қатысады деп сенеміз

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу