Студенттік өмір | Өткізілген іс-шаралар
06.08.2021
Өзін-өзі басқару ұйымдарының белсенділерімен кездесу
2021 жылдың 4 тамызы күні университет басшылығы өзін-өзі басқару ұйымдарының белсенді мүшелерімен кездесті. Кездесуге Басқарма төрағасы-ректор Дархан Біләлов, Ректор кеңесшісі Жанатбек Ішпекбаев, Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Мақтағали Бектемесов, Әлеуметтік даму жөніндегі проректор Шыңғыс Нұрланов қатысты.
Кездесу барысында білім алушылардың оқу, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларына қатысты мәселелері қозғалып, қазіргі күні әлемдік індетке айналға коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары талқыланды.
Одан бөлек, студенттік ұйым басшылары тың идеяларын ортаға салып, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Кездесу жұмысын қорытындылай келе, ректор Дархан Біләлов қалыпты оқу форматына көшу үшін вакцина ектіру арқылы ұжымдық иммунитетімізді қалыптастыру қажеттігі баса назарда болатындығын айтты.
Алдағы уақытта мұндай кездесулер жалғасын таба бермек.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|