Студенттік өмір | Өткізілген іс-шаралар
03.11.2021
Адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) туралы не білу керек? 2021 жылдың 3 қарашасы күні Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменттің ұйымдастыруымен «АИТВ және оның алдын-алу шаралары» тақырыбынды дәріс өткізілді. Шараны Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент директоры Қазына Бекбенбетова ашып, салауатты өмір салтын ұстану бойынша университетте атқарылып жатқан шаралар туралы айтып өтті.
Алматы қалалық ЖИТС-пен күресу орталығының эпидемиолог- дәрігері Мадина Үсенқұл «АИТВ және алдын-алу шаралары» туралы дәріс оқып, жұқпалы ауруларудың себеп-салдарлары туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, шара барысында жастарға АИТВ-нің алдын алу және болдырмау бойынша кеңестер мен жұқпалы аурудың қауіпі туралы ақпараттар берілді.
Статистикаға сүйенсек, қазіргі уақытта әлем бойынша АИТВ инфекциясын жұқтырғандардың 80 пайызын 19-25 жас аралығындағы жастар құрап отыр.
Осы орайда, АИТВ-нің алдын алу бойынша өткен дәріс білім алушылардың салауатты өмір салтын ұстану бойынша білімдерін жетілдіре түсті.
Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменті
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|