Студенттік өмір | Өткізілген іс-шаралар
13.02.2017
Халық қалаулылары университет ұжымымен бірге Жолдауды талқылады
Елбасы Жолдауына аймақтардағы жұртшылық жаппай қолдау танытуда. Жолдау жарияланған күннен бастап Мәжіліс депутаттары аймақтарға аттанып, елмен етене араласып, негізгі бағыттарын түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Осы орайда, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын университет ұжымына түсіндіру мақсатында үстіміздегі жылдың 2 ақпаны күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депатуттары Г.И.Исимбаева және Ә.Е.Бектұрғановтың қатысуымен кездесу өткізілді. Кездесуді университет ректоры, академик С.Ж.Пірәлиев ашып, сөз кезегін қонақтарға берді. Сөз алған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, заң ғылымдарының докторы, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Ә.Е.Бектұрғанов Елбасының Жолдауында қоғамның барлық салаларын дамытуға ерекше көңіл бөлінгендігі және де жаһандық дағдарыста ел экономикасын нығайту, табысы жоғары мемлекеттердің қатарына қосылу мақсатында атқарылатын іс-шаралар халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталуы қажет екендігін атап айтты. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» фракциясының жетекшісі Г.И. Исимбаева өз сөзінде Жолдауда жазылған адами капитал рөлінің артуы, білім, денсаулық саласына қатысты көптеген реформалар, аграрлық секторды жаңғырту, экологияны қорғауға байланысты мәселелер төңірегінде өз ойымен бөлісті. Сонымен қатар, Жолдаудың басым бағыттарын түсіндіру, постиндустриалдық қоғамды қалыптастыратын индустриалды инновациялық даму бағдарламасының саясатын ұсынатын тарихи құжаттың мазмұны мен маңызын нақтылап берді. Халық қалауларымен қатар кездесуге «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Қ.Омарбекова және Медеу аудандық «Нұр Отан» партиясының өкілдері қатысты. Кездесу барысында депутаттарға үш тұғырлы тіл саясаты және білім беру жүйесіндегі рөлі, мектеп түлектерімен жүргізілетін кәсіби бағдар беру жұмысының тиімділігін арттыру, әлеуметтік саланы дамытудың оңтайлы жолдары мәселелері аясында сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды. Жиын соңында, Жолдаудың басым бағыттарын бұқара арасында кеңінен насихаттап, оны іске асыру бойынша шаралар кешенін бекіту туралы шешім қабылданды.
Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі басқармасы Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|