Студенттік өмір | Өткізілген іс-шаралар
06.10.2022
Тәрбие,әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменті жанындағы орталықтары 1 курс студенттерімен кездесу
2022 жылдың 3-6 қазан аралығында Тәрбие, әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты департаментінің директоры Ділдәбек Дидарбек университетіміздің жеті институтының 1 курс студенттерін өзі басқаратын департамент қызметімен және департамент жанындағы орталықтардың жұмысымен таныстырды. Университетімізде Ұлттық тәрбие, Жастар ісі жөніндегі басқарма, Психологиялық көмек көрсету орталығы, «Рухани Жаңғыру» жобалық кеңсесі, Денсаулық сақтау пунктінің дәрігерлерімен студенттер кездесті.
Жастар ісі жөніндегі басқарма төрағасы Райымбек Пірәлі студент жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға, оқу ғимараттарында және студенттік жатақханаларында мәдени, саяси, интеллектуалдық және спорттық іс-шараларында белсенділік танытуға,жастар бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысуға шақырды.
Психологиялық көмек көрсету орталығы студенттер мен қызметкерлердің тұлғааралық қарым-қатынас аумағындағы психологиялық мәдениеті мен күйзеліске тұрақтылығын арттыру, өзгермелі әлеуметтік-экономикалық өмір жағдайларында әлеуметтік бейімделуге психологиялық көмек көрсетуіне тоқталып, студенттерге жұмыс бағыттары парағын таратып берді.
Әлеуметтік мұқтаж топтағы студенттерге арналған жеңілдік туралы тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі бас маман Айдана Алиасқар түсіндіріп өтті.
Ұлттық тәрбие орталығы Оразалы Досбосынов атындағы жас ақындар мектебінің кординаторы Шұғайып Сезімхан таныстырып, студенттердің арасында айтысқа қатысқысы келетін студенттерді орталыққа шақырды.
Денсаулық сақтау пунктінің дәрігерлері 1 курсқа түскен білім алушыларға медициналық орталыққа тіркеу және денсаулыққа қатысты қандай көмек көрсете алатыны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу соңында қатысушылар университеттің студенттік өміріне қызығушылық танытып, көптеген сұрақтарға жауап алды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|