қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
10.11.2023

Студенттен кәсіпкерге дейін...


2023 жылдың 9 қарашасында Абай университетінің студенттері қазақстандық белгілі бизнес-сарапшылармен кездесті.

 

Кездесуге әлеуметтік даму жөніндегі проректор Шыңғыс Нұрланов, Energy Max Group халықаралық компаниясының президенті және негізін қалаушы, эксклюзивті өнімдердің дистрибьюторы, MAX NRG сауда желісінің құрылтайшысы, Maxilin сүт өнімдері компаниясының басшысы Нұрым Әбдіқалықов, Халықаралық студенттік кәсіпкерлік қауымдастығының басқарма төрағасы Ерғазы Әбдіманат, 3 СЕО білім беру компаниясының басшысы, Іскерлік әкімшілендіру докторы Дидар Болтаев және Сату бойынша бизнес-сарапшы Арман Серікұлы және білім алушылар қатысты.

 

Іс-шараны проректор Шыңғыс Нұрланов ашып, студенттердің қаржылық сауаттылығын дамыту мәселесі және оны шешу жолдары күн тәртібінде қарастырылатынын атап өтті.Кездесу барысында қонақтар кәсіпті ашу және жүргізу туралы білімдерімен, тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, өздерінің кәсіби жолдары туралы, белгілі бір қиындықтар мен сәтсіздіктерді еңсере отырып, нағыз табысты кәсіпкер болу жолдары туралы айтып, болашақ мамандарға құнды кеңестер берді.

 

Мәселен, Нұрым Әбдіқалықов оқу ордасының студенттері үшін өңірдің жетекші бизнесмендерімен тікелей қарым-қатынас жасауға, ең өзекті тақырыптар бойынша олардың пікірлерін білуге, өз ісін ашу бойынша күмәндарды жоюға, жаңа мақсаттар қоюға және нақты міндеттерді бөліп көрсетуге тамаша мүмкіндіктер бар екенін алға тартты.

 

Ал Арман Серікұлының пікірінше, әлемдік тәжірибеде дамыған экономиканың негізін шағын және орта кәсіпорындар қалаған. Осылайша, ол кәсіп бастауға ниеті бар жандарға үздіксіз ізденісте болу керектігін еске салды.

 

Бұдан бөлек, Дидар Болтаев студенттерге ағылшын тілін үйренуді ұсынды. Оның айтуынша, егер кәсіпкер болуға деген ұмтылыс мықты болса, тәуекелге барудан, қателіктер жіберуден қорықпау керек.

Білім алушылар кәсіпкерлерге бірінші кезекте оларды не қызықтырғаны туралы көптеген сұрақ қойды.Мысалы, өз ісін бастаудың оң және теріс жақтары, кадрлардың кәсібилігі, жобаларды қаржыландыру көздері және инвесторларды тарту тәсілдері, сонымен бірге заманауи бизнесті дамыту перспективалары туралы көкейдегі сұрақтарына жауап алды.

 

Кездесу соңында модератор Ерғазы Әбдіманат кәсіпкерлікті дамытуға және жастарды белсенді азаматтық ұстанымнан бизнес негіздеріне тартуға бағытталған бірлескен ынтымақтастық үшін Абай атындағы Қазақ ұлттық университеті Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаментке ризашылығын білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

 




Кері оралу