Студенттік өмір | Өткізілген іс-шаралар
16.11.2023
Шешендік өнер бойынша «Көпшілік алдында сөйлеу және өзін-өзі таныстыру» шеберлік сабағы
Студенттердің шешендік өнердің қыр-сырымен танысып, өз ойларын ел алдында еркін жеткізу, өздерін ұстай білу дағдыларын игеру мақсатында ұйымдастырылған шараның спикері - шешендік өнер бойынша кәсіби жаттықтырушы, «Fabrika oratora» компаниясы мен «Қазақ шешендік клубының» негізін қалаушы Жұмабаев Қуаныш мырза болды.
Қуаныш Жұмабаев іс-шара барысында студенттерге адамның тұлғалық қасиеттерін дамыту, сөз шеберлігін қалыптастыру тақырыптарында сөз қозғап, адамның ең үлкен қорқынышының бірі - көпшілік алдында сөйлеу екенін атап өтті. Сондай-ақ, қазақ халқы шешендік өнерді аса құрметпен бағалағандықтан, жас ұрпақтың ата-баба ізімен шебер сөйлеу, тілдерін дамыта түсу, олардың үлгі-өнегесін бойларына дарыту - басты мақсаты екенін айтты. Сонымен қатар, тақырып аясында шешен сөйлеудің логикалық-композициялық құрылысы мен стильдік табиғатына, импровизациялық өнердің түрлі әдіс-тәсілдеріне тоқталып, студенттердің шығармашылық белсенділігін арттыруға, дамыту ынтасын анықтауға, бағыт-бағдар берді.
Қ. Жұмабаев атап өткендей, шешендік өнер - кез келген аудиторияда сенімді сөз сөйлеу тәжірибесі, тыңдаушыларды қызықтыра білу, жұртшылықтың назарын аудару. Спикер студенттермен топтық және жеке жұмыс түрлерін жүргізу арқылы қатысушыларды көшбасшылық, аудиторияны қалай тез орналастыру керектігі туралы келіссөздер жүргізу дағдыларына үйретті.
Іс-шара соңында студенттер «Қазақ шешендік клубының» негізін қалаушы Қуаныш Жұмабаевқа алғыстарын білдірді.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|