қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
05.04.2024

ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкерімен кездесу 

 

2024 жылдың 4 сәуірінде Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, Еңбек ері Аягүл Төреқызы Миразова Абай университетінің студенттерімен кездесіп, «Сапалы білім беру мен шәкірт шығарудағы мұғалімнің рөлі» тақырыбында дәріс оқыды. Іс-шара Әлеуметтік даму және жастар саясаты жөніндегі департаменттің ұйымдастыруымен өтті.

 

Кездесу барысында қоғам қайраткері Аягүл Төреқызы қазақ халқының даналыққа толы философиясы туралы ой тарқатты. Сонымен қатар, студенттерге тәрбиеліліктің, адамгершіліктің ең маңызды құндылық екендігін айта отырып, осы баға жетпес қасиеттерді қалыптастыру әрбір тұлғаның өзінің қолында екендігін жеткізді.

 

Өз сөзінде Аягүл Төреқызы  «Ұстаздар шығармашыл, ізденімпаз, шәкірттерге деген ілтипаты мен берері мол болса - бұл оқушылардың бақыты», - дей келе, бала тәрбиесі мен ұстаз еңбегін дәріптеу, ұстазды құрметтеу мен сыйлауға тәрбиелеу барысындағы көп жылдық ізденістегі істері туралы да сөз қозғады. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының қолдауының арқасында елімізде педагог мәртебесіне ерекше көңіл бөлініп жатқанын атап өтті. Дегенмен білім жүйесін одан әрі жетілдіру үшін оны үздіксіз дамыту қажет әрі балаға білім беруде рухани жан дүниесі бай, адамгершілігі жоғары тұлға ретінде қалыптасуына мұғалімнің ықпалы ерекше екеніне тоқталды.

Шара барысында студенттер Аягүл Төреқызының өмір жолы, педагогикалық жетістіктері, ұстаздық қызметіндегі есте қаларлық керемет сәттері туралы біліп, өздерінің осыған дейін білетін ақпараттарын толықтырды. Қатысушылардың сұрақтарына жауап бере отырып, Аягүл Төреқызы өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісті.

 

Кездесу барысында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Басқарма төрағасы - ректор Болат Тілеп Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі Аягүл Төреқызына Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай» медалін табыс етті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

 

Әлеуметтік даму және жастар саясаты жөніндегі департамент

 




Кері оралу