Студенттік өмір | Өткізілген іс-шаралар
21.04.2017
«ЖАСЫЛ УНИВЕРСИТЕТ» КОНЦЕПЦИЯСЫН ҚОЛДАЙМЫЗ!» АТТЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ
Қазіргі кезде барлық азамат алдында күрделі міндеттердің бірі - табиғатты қорғау. Айналамыздағы ортаны қорғау мен табиғат байлықтарын тиімді пайдалану мәселесіне ерекше көңіл бөліп, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1971 жылы 21 наурыздағы шешімі бойынша 22 сәуір - Халықаралық Жер күні болып жарияланды. Бұл атаулы күн дүниежүзінің 167 мемлекетінде тұрақты аталып өтіледі. Алғаш рет Жер күні 1990 жылы халықаралық мейрам ретінде тойланды. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «XXI ғасырдағы тұрақты дамудың ғаламдық энергоэкологиялық стратегиясы» және «Жасыл экономикаға» өту концепциясын жүзеге асыруда белсенді қосылған «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы сияқты бастамаларын әрқашанда қолдайды. Осыған орай ағымдағы жылдың 18 сәуірі күні Қазақстан географиясы және экология кафедрасының доценті, б.ғ.к. Г.Е. Жантееваның жетекшілігімен «Қазақстанның оқу орындарында жасыл кеңсе қағидаларын енгізу» жобасы аясында университетіміздің Тәрбие басқармасы, Жаратылыстану және география институты, Педагогика және психология институты бірлесе «Жасыл университет» концепциясын қолдаймыз!» атты экологиялық акция мен флешмоб ұйымдастырды. Жасыл экономиканың дамуына және оқу орындарындағы жасыл кеңсенің іске асуына үлес қосуды мақсат еткен акция Педагогика және психология институтында бастау алып, шара барысында студенттер университет ауласына көшет отырғызып, ағаштардың түбін ақтап, институт маңында тазалық жұмыстарын жүргізді. Одан әрі бұл шара Жаратылыстану және география институты ғимараты алдында жалғасын тапты. Студенттер табиғат пен әсем қаламызға деген сүйіспеншіліктері мен құрметтерін флешмоб арқылы жеткізді. Сондай-ақ аталмыш акцияда қарапайым қала тұрғындарын қала тазалығын сақтауға үгіттеу, экологиялық таза қала көрінісін қалыптастыруды насихаттау шаралары мен ашық тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Экологиялық ахуалды жақсарту үшін қоршаған ортаны қорғау мақсатын көздеген бағдарлама өз жалғасын тапқаны айдан анық.
Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі басқарма
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|