Студенттік өмір | Өткізілген іс-шаралар
10.10.2024
Абай университеті референдум қорытындысы бойынша қоғамдық талқылау өткізді 2024 жылдың 8 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ - де Қазақстанда АЭС салуға қатысты өткен жалпыхалықтық референдум қорытындысы талқыланды.
Талқылауға университеттің әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Мақсат Жақауов, саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының меңгушісі Жомарт Сімтіков, экология ғылымдарының докторы Айнұр Сейілхан, докторант, қоғамдық штаб мүшесі Дидарбек Ділдәбек, №363 сайлау учаскесінің төрайымы, қоғамдық штаб мүшесі Жанель Сайлыбаева және университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты.
Шара барысында проректор Мақсат Жақауов Орталық сайлау комиссиясы ұсынған дауыс беру нәтижелері бойынша, дауыс беруге құқығы бар азаматтардың жалпы санының 63,66%-ы, яғни 7 820 204 адам референдумға қатысып, оның 71,12%-ы, яғни 5 561 937 адам атом электр станциясының құрылысын қолдағанын жеткізді. Сондай-ақ, университет оқытушылары мен қызметкерлері де ел үшін маңызды оқиғадан шет қалмай, өз таңдауларын жасап, конституциялық құқығын жүзеге асырғанын, референдумға дауыс беріп жатқан студенттер қатары да көп болғанын айтты.
«Қоғамдық дамудың, соның ішінде цифрлық дамудың маңызды бөлігі энергетика. Біз геосаясатта өзіміздің позициямызды жоғалтпау үшін энергетика саласын дамытуымыз керек. Соңғы 2 жыл бойы халқымыз өзінің саяси сауаттылығын көрсетті. Соның нәтижесін референдумның қорытындысынан байқап отырмыз. Жалпы бұл референдум Президентіміздің халық үніне құлақ асатын мемлекет позициясының жарқын көрінісі болды. Сондай-ақ халқымыз болашақта дамуымызға ықпал ететін стратегияға дауыс берді. Шетелден келген сарапшылар да жоғары бағаларын берді. Бұл еліміздің демократиялық жағынан да көтерілгенін көрсетеді», - деді Жомарт Сімтіков.
Эколог Айнұр Сейілханның айтуынша, заманауи технологиямен жабдықталған атом электр стансалары қазіргі кезде бәсекеге қабілетті әрі қауіпсіз. Бұл туралы: «Көмірден шығатын шығындылар, адамның денсаулығына өте кері зиянын тигізеді. Атом электр стансасы әлемде тәжірибе көрсеткендей ең қауіпсіз, жасыл экологиялық таза болып табылады. Сондықтан да әлемдегі дамыған елдердің көпшілігі АЭС-пен жылытуды, пайдалануды қолға алған»,-деді Айнұр Сейілхан.
Сондай-ақ, іс-шараға қатысушылар атом электр станциясының негізгі артықшылықтарын, оның экономикалық тиімділігі және энергиямен қамтамасыз етудің тұрақтылығы жөнінде пікір алмасып, экологиялық тазалығы мен қауіпсіздігін талқылады.
Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департамент Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|