О нас | Главная /
Рысымбетов Ержан Құрбанәліұлы
Рысымбетов Ержан Құрбанәліұлы
01.01.1981 жылы ОҚО, Кентау қаласында дүниеге келген. 1998-2002 жылдар аралығында Ә.Қастеев атындағы Шымкент көркемсурет колледжінің «металды көркемдеп өндеу» мамандығы бойынша үздік бітірді. 2002-2006 жылдар аралығында Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Живопись» мамандығын бітірді. 2006-2008 жылдар аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университетінің Көркем-сурет факультетінің «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша Магистрі - біліктілігі мен академиялық дәрежесін үздік бітірді. 2008-2012 жылдар аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университетінің Көркем-сурет факультетінің «Живопись» кафедрасында оқытушы болып жұмыс атқарды. 2012-2013 жылдар аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университетінің Көркем-сурет факультетінің Тәрбие ісі жөніндегі деканының орынбасары қызметін атқарды. 2013-2014 Абай атындағы ҚазҰПУ Өнер, мәдениет және спорт институтының «Дизайн» кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарды. 2012-2015 Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының 6D041600 - Өнертану филocoфия дoктopы (PhD) ғылыми дәpeжeciн үздік бітірді. 2015-2017 жылдар аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университетінің Өнер, мәдениет және спорт институтының «Шығармашылық мамандықтар» кафедрасында PhD дoктopы, аға оқытушы болып жұмыс атқарды. Қазіргі таңда Абай атындағы ҚазҰПУ Өнер, мәдениет және спорт институтының ОІЖ директор орынбасары қызметін атқарады. Оның көркемдік туындылары Туркия мұражайларында және Қазақстан, Туркия азаматтарының жеке жинақтаушыларының қорында. Халықаралық, бүкілодақтық, республикалық және қалалық көркемсурет көрмелеріне қатысып отырады.
← Вернуться назад |
050010, Республика Казахстан
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
Канцелярия: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Приемная комиссия: 8(727)291-57-68
Call-центр: 8 (727) 221 85 14
Сектор Психологической службы: 8 700 976 89 97
Прием граждан по личным вопросам
|
|
Цифровой центр обслуживания студентов «Шапағат» Статистика посещений
|