
Главная
Новости
08.07.2020
АҚШ-тағы магистратура бағдарламаларының гранттары
2020 жылы 6 шілде күні Қазақстан азаматтарына арналған халықаралық гранттық бағдарламаларға қатысу жайлы келесі онлайн-вебинар өтті. Шараны ұйымдастырушылар - Халықаралық бағдарламалар мен ынтымақтастық бөлімінің бастығы Баян Сапаргалиева, вебинардың шақырылған қонағы магистратура бойынша халықаралық гранттың иегері, Кентуки Университеті (АҚШ) Computer Science факультетінің докторанты Анастасия Казади болды.
Вебинар магистратурада оқуға арналған гранттық бағдарламаға қатысуға, оқу үдерісіне, құжаттарды жинауға және өтініш беру ережелеріне арналған.
Сұхбат барысында тағы да келесі сұрақтарға жауап алынды: - Бағдарлама қандай шығынды көтереді? - Жас бойынша шектеулер бар ма? - Отбасымен бірге бару мүмкін бе? - Магистранттар қандай стипендия алады? және т.б.
Вебинарға Қазақстан университеттерінің бакалавриат, магистратура бағдарламасының студенттері мен түлектері, оқытушылар мен халықаралық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.
Халықаралық бағдарламалар мен ынтымақтастық бөлімі серіктес Еуропа, АҚШ Университеттерінің қолдауымен халықаралық гранттық бағдарламалар тақырыбына бірнеше онлайн-вебинарлар өткізетін болады.
Келесі вебинарлар жайлы ақпарат ҚазҰПУ-дың хабарламалар бөлімінде болады.
Халықаралық ынтымақтастық департамент Вернуться назад |
|
050010, Республика Казахстан
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
Канцелярия: 8 (727) 390 60 05
Приемная комиссия/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04
8 (727) 291 57 68
Прием граждан по личным вопросам
|
|
Цифровой центр обслуживания студентов «Шапағат» Статистика посещений
|