
Главная
Новости
31.07.2020
Абай Университеті Webometrics халықаралық рейтингісінде: жаңа жетістік
Webometrics Ranking of World Universities үздік әлемдік білім беру мекемелерінің веб-сайттарының кезекті халықаралық рейтингі жарияланды, рейтинг әр жарты жыл сайын жасалады. Әлемдік университеттердің Webometrics рейтингі - бұл университеттің сайты мен ғылыми зерттеушілердің Scopus және Google Scholar жүйелеріндегі жарияланымдарының маңыздылығын ескеретін, біріктірілген көрсеткішке негізделген әлемдік университеттердің жаһандық рейтингі.
Әлемдік рейтингке Қазақстан Республикасының 128 жоғары оқу орны кірді. Бұл рейтингте Abai University сайты 4995 орынды иеленді. 2020 жылғы қаңтардағы көрсеткішпен салыстырғанда (6022) университет 1027 позицияға көтерілді. Webometrics-тің жаңа мәліметтеріне сәйкес, Абай атындағы ҚазҰПУ 8-ші орынды иеленіп, ҚР үздік Топ-8 жоғары оқу орындарының қатарына енді. Еліміздің педагогикалық университеттер арасында 1-ші орынға ие болды.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жыл сайын осы рейтингте алға жылжуы оның әлемдік жоғары білім жүйесінде орнықты екендігін тағы бір мәрте растайды. Абай университеті әлемдегі ғылым және білім беру нарығының көшбасшыларымен және республиканың педагогикалық университеттерінің арасында көшбасшы болып табылады.
Webometrics Ranking of World Universities рейтингі
Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім Вернуться назад |
|
050010, Республика Казахстан
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
Канцелярия: 8 (727) 390 60 05
Приемная комиссия/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04
8 (727) 291 57 68
Прием граждан по личным вопросам
|
|
Цифровой центр обслуживания студентов «Шапағат» Статистика посещений
|