қазақша · русский · english
 
О нас
 
   Главная / Жұмашева Светлана Сатыбалдықызы

Жұмашева Светлана Сатыбалдықызы

 

Қысқаша өмірбаяны

1960 ж. 1-қаңтарда  Батыс Қазақстан облысында дүниеге келді.1976-1981 жж. Орал педагогикалық институты.1981-1988жж.:  Орал облысы Жаңақала орта мектебінің мұғалімі, мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. 1988-1991 жж.: Орал облысы Жаңақала аудандық оқу басқармасының әдістемелік бөлімінің меңгерушісі. 1991-1996 жж.: Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылымдар Ғылыми-зерттеу институтының  аспиранты,  ҚР Білім Министрлігі  жанындағы  ғылыми-әдістемелік Орталығының Ғылыми хатшысы, фундаменталды және қолданбалы ғылыми зерттеулердің  Координациялық және инновациялық секторының ғылыми қызметкері.1996-2011жж.: Қазақтың спорт және туризм академиясының аға оқытушысы, доценті, аға ғылыми қызметкері. Оқу жұмысы  бойынша   Академияның проректоры.  2011-2020жж.: Абай атындағы ҚазҰПУ  педагогика  кафедрасының  доценті.

 

Білімі

Білім беру мекемесі

Біліктілік

Бітірген мерзімі

Орал педагогикалық институты

2101- Орыс тілі мен әдебиеті және Педагогика

Біліктілігі: Орыс тілі мен әдебиет мұғалімі. Тәрбие жұмысы жөніндегі методист.

1981

 

Ғылыми дәреже

Ғылыми дәреже атауы

Ғылым саласы

Диплом берілген күн

Педагогика ғылымдарының кандидаты

Педагогика теориясы мен тарихы.  Этнопедагогика.

1994

 

Ғылыми атағы

Ғылыми атағының атауы

Ғылыми облысы

Диплом берілген күні

Доцент

Педагогика

2003

 

Оқытатын пәндері:

1)Педагогика;

2)Білім берудегі  менеджмент;

3)Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі.

 

Ғылыми-әдістемелік қызмет

Қазіргі білім беру мен тәрбиелеу мәселелері, 100-ден астам басылым.

 

Жарияланымдар:

1. Замануи мұғалімді кәсіби даярлаудағы халықаралық тәжірибе// Golloquium-journal#10(34.2019/ Pedagogical sciences-p.55-59.              

2.   Студенттер мен оқушылардың танымдық дербестіктерін дамытудың әлеуметтік- мәдени нәтижелілігі/ Вопросы современной науки :  Ұжымдық ғылыми монография/ под  ред. Н.Р.Красовской- Россия, М. изд. Интернаука, 2016.-152с./ бірлескен авторлық/

3. Болашақ мұғалімдерді коллабрациялық оқытудың проблемалары// Golloquium-journal#13(37.2019/ Gresc 5- Pedagogical sciences-p.55-59.                              

4. Жаhандандыру жағдайында көптілдік білім берудің маңыздылығы// Мировая наука, № 5(38), 2020/ бірлескен авторлық/

5.  Онлайн- оқытудың дидактикалық мүмкіндіктері// Golloquium-journal#10(34.2019/ Pedagogical sciences-p.55-59.

 

Марапаттары

ҚазҰПУ «ҮЗДІК ҮСТАЗ» төсбелгісі 2017ж.

 


← Вернуться назад