О нас | Главная /
Сұлтанова Фарида Мажитқызы
Сұлтанова Фарида Мажитқызы
Қысқаша өмірбаян Султанова Фарида Мажитовна 11.02.1959 жылы Талды-Қорған облысы, Андреев ауданы, Лепсі ауылында дүниеге келген. 1966-1976жж. Лепсі орта мектебін бітірген. 1980 жылы училищені үздік бітіріп, 1989 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының тарих факультетін бітірген. 1983 жылдан Абай атындағы ҚазҰПУ-ң Әлем тарихы кафедрасында, ал 2014 жылдан бастап «Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер» кафедрасында доценттік қызмет атқарып келеді. Тарих ғылымдарының кандидаты(2005), доцент (2010). Кандидаттық диссертация тақырыбы: «Жетісу облысындағы кәсіпкерліктің құрылу және даму тарихы (1867-1914жж.)». Ғылыми ізденіс саласы: Кәсіпкерлік және шетелдік компаниялар тарихы, Ресей тарихы, Әлемдік діндер тарихы, Дінтану. 60-тан астам мақалалар мен оқу құралдың авторы.
БІЛІМ
ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ
Ғылымы атағы
ОҚИТЫН ПӘНДЕР Бакалавр: Ежелгі өркениеттер діндері, Көркем мәдениет тарихы, Мәдениеттану (әлеуметтік-саяси білім модулі), Әлемдік діндер тарихы және т.б. Магистратура: Мәдениет экологиясы, Әлеуметтік қорғау және әлеуметтік жұмыс және т.б.
ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ 1.Жетісу кәсіпкерлері мен көпестерінің XIX - XXғғ. басындағы қоғамдық-мәдени өмірге қатысуы. Қасымбаев оқулары: отандық тарихты зерттеудің теориялық-әдіснамалық және нақты-тарихи мәселелері. Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары.-Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2005. 44-46 бб. 2.ХХ ғ.20-30-шы жылдардағы Ресейдегі әлеуметтік-саяси үдерістер:Оқу құралы жоғары оқу орындары үшін - Алматы:Абай атындағы ҚазҰПУ, 2008.- 72с. 3."ХІХ ғасырдың аяғы-ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның Жетісу облысындағы сауда кәсіпкерлігінің эволюциясы". Ярославль педагогикалық хабаршысы. Ғылыми журнал. I Том (гуманитарлық ғылымдар), № 2-2012, - 65-70бб. 4."Студенттер мен оқушылардың әлеуметтік-тұлғалық құзыреттілігін дамыту және қалыптастырудағы әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің рөлі. «Қазақ философиясы және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдарды оқытудың инновациялық аспектілері» республикалық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. Абай атындағыҚазҰПУ. 16-17 мамыр 2014, Алматы 2014.- 213-216 бб. 5.«Қазіргі қоғамдағы діни төзімділік». Хабаршы. "Әлеуметтік және саяси ғылымдар" сериясы -Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2019-№ 2(66) -33-37бб.
МАРАПАТТАР 1.2013 жылы университеттің қоғамдық өміріне белсене қатысқаны және қажырлы еңбегі үшін "ҮЗДІК ҰСТАЗ"төсбелгісімен марапатталды. 2.2018 жылы университеттің дамуына қосқан үлесі үшін "Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 90 жыл" мерейтойлық медалімен марапатталған. 3.2019 жылы жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін "Ы. Алтынсарин" белгісімен марапатталды.
← Вернуться назад |
050010, Республика Казахстан
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
Канцелярия: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Приемная комиссия: 8(727)291-57-68
Call-центр: 8 (727) 221 85 14
Сектор Психологической службы: 8 700 976 89 97
Прием граждан по личным вопросам
|
|
Цифровой центр обслуживания студентов «Шапағат» Статистика посещений
|