қазақша · русский · english
 
О нас
 
   Главная / Бабашев Абдыразак Маханұлы

Бабашев Абдыразак Маханұлы

ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯНЫ

1955 жылы 29 қарашада Түркістан қаласында туылдым, 1972 жылы М.Маметова атындағы қазақ орта мектебін бітірдім, сонымен қатар Түркістан қалалық музыкалық мектептің 5 жылдық «Домбыра» класында оқып шықтым. 1975 жылы Түркістан мезициналық колледжін қызыл дипломмен бітіріпғ арнайы жолдамамен С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетіне биология факультетіне оқуға түстім, 1980 жылы университетті қызыл дипломмен «Биолог. Биология және химия оқытушысы» квалификациясын және «Биофизика» мамандандырылу бағытында мамандық алып шықтым. Мемлекеттік жолдамамен Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының «Адам мен жануарлар физиологиясы» ғылыми зерттеу институтына белгілендім. 1990 жылы 10 желтоқсанда «Егеуқұйрықтың суыққа, гипосияға, гиперкапнияға төзімділігінің онтогенездегі қалыптасуындағы симпато-адреналдық жүйенің қатысуы» тақырыбында биология ғылымдарының кандидаттық диссертациясын қорғап, КСРО ЖАК бекіткен дипломына ме болдым. 1991 жылы қазан айынан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде жаратылыстану факультетінде, кейін география-экология факультетінде деканның 3 рет оқу-ісі жөніндегі, бір-бір жылдан тәрбие ісі жқніндегі және ғылыми мен халықаралық қатынастары бойынша орынбасарлық қызметтерін атқардым. 2001 жылы ЖАК доценті атағына, 2007 жылы университет профессоры атағына, 2019 жылы ҚР МАИН академигі атағына ие болдым. ҚР БҒМ және университет пен институт ұжымының атынан марапаттары мен мақтау қағаздары берілген, «Оқулық» орталығының пәндік эксперттік комиссияның мүшесі, бірнеше рет ҰБТ, КТК тестілеу мен аппеляциялық комиссиялар жұмысына қатыстым. 250-ден аса ғылыми және ,ылыми-әджістемелік еңбектерім жарық көрген, олардың ішінде 7 оқу құралы және 10-нан аса оқу-әдістемелік құралдары бар. «Үздік Ұстаз» төс белгісімен марапатталған.

 

БІЛІМІ

Білім беру мекемесі

Квалификация

Бітірумерзімі

Туркестан медколледжі

Фельдшер

1975 ж Үздік диплом

С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университеті

 Биолог.  Биология және химия оқытушысы

 1980 жылы

Үздік диплом

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ

Ғылымидәрежесініңаты

Ғылымиоблысы

Диплом берілгенмерзімі

Биология ғылымдарының кандидаты

Адам мен жануарларфизиологиясы

1991 жылы 3 сәуір. Москва қ.

 

ҒЫЛЫМИ АТАҒЫ

Ғылымиатағыныңаты

Берілгенмерзімі

 Доцент

21 қыркүйек 2001 ж

 Университет профессоры

20 желтоқсан 2007 ж

МАИН академигі

20 қараша 2018 ж

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ

Оқушылар даму физиологиясы, (бакалавриатта, барлық пелагогикалық мамандықтарда). Адам анатомиясы, Адам мен жануарлар физиологиясы, Адам мен жануарлар орталық жүйке жүйесі, Жоғары жүйке әрекеті. Тамақтану физиологиясы мен гигиенасы. Иммунология. Нейрофизиология. Токсикология, Биофизика және биоинформатика, Жасуша электрофизиологиясы

Магистратура: Мидың морфологиясы мен физиологиясы. Когнитивтік функциялар физиологиясы. Ағзаның функцияларын реттеу физиологиясы. Ағзаның биоэнергетикасы

 

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЕҢБЕКТЕРІ 

Ағзаның вмсцералдық функцияларының физиологиясы. 250-ден аса басылымы бар оның 10 оқу құралдары, МЖББС-тары биология, химия, экология, валеология және география мамандықтарынан жасауға қатысқанмын. Басыоымдағы негізгі жұмыстар: Физиология терморегуляции организма. Физиология катехоламинергмческих функции. Физиология крово- и лимфообращения. Становления физиологических функций в онтогенезе человека и животных.

 

МАРАПАТТАРЫ:  ҚР БҒМ және университет пен институт ұжымының атынан марапаттары мен мақтау қағаздары берілген, «Оқулық» орталығының пәндік эксперттік комиссияның мүшесі, бірнеше рет ҰБТ, КТК тестілеу мен аппеляциялық комиссиялар жұмысына қатыстым. 250-ден аса ғылыми және ,ылыми-әджістемелік еңбектерім жарық көрген, олардың ішінде 7 оқу құралы және 10-нан аса оқу-әдістемелік құралдары бар. «Үздік Ұстаз» төс белгісімен марапатталған. МАИН алтын медальімен 20 қараша 2018 жыл. 

 

 


← Вернуться назад