қазақша · русский · english
 
О нас
 
   Главная / Бейсенова Алия Сарсеновна

Бейсенова Алия Сарсеновна

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ
АКАДЕМИЯСЫНЫҢ АКАДЕМИГІ
Ә.С.БЕЙСЕНОВАНЫҢ ӨМІРІ МЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ
НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ
Әлия Сәрсенқызы Бейсенова 1932 жылы 25 наурызда қазіргі Қарағанды облысының Жаңарқа ауданында Көнек деген жерде (кейін К.Маркс атындағы колхоз болған) дүниеге келген.
1940-1949 жж. - Алматыдағы № 12 қазақ орта мектебінде оқыған.
1949-1950 жж. - отбасы жағдайымен Қызылордаға ауысып, М.Мәметова атындағы қыздар педагогикалық училищесін қызыл дипломмен бітірген.
1950-1954 жж. - Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының география факультетінде оқыған. Институтты қызыл дипломмен бітірген.
1954-1959 жж. - Қазақтың мемлекеттік баспасында (қазіргі "Қазақстан" баспасы) редактор болып істеді.
1959 ж. сол баспаның қасынан ұйымдасқан "Қазақ календары" редакциясына аға редактор болып ауысады. Онда 1960 жылға дейін істейді.
1960-1963 жж. - Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтында география мамандығы бойынша аспирантурада оқиды.
1963-1965 жж. - сол институттың физикалық география кафедрасының ассистенті.
1965-1968 ж. - сол кафедраның аға оқытушысы.
1967 ж. 27 маусымда Мәскеуде СССР Ғылым академиясының Жаратылыстану мен техника тарихы институтында "Қазақстан территориясының физикалық-географиялық тұрғыда зерттелуі (1917-1941 жылдар)" деген тақырыпта география ғылымының кандидаты ғылыми атағын алу үшін диссертация қорғайды. Диссертацияны Жоғарғы аттестациялық комиссия 1968 жылы 8-мамырда бекіткен.
1970 ж. - СССР Министрлер кеңесінің жанындағы Жоғарғы аттестациялық комиссияның шешімімен (протокол № 13/11, 13-наурызда) доцент ғылыми атағы берілді.
1970-1980 жж. - Қазақ Энциклопедиясының жанында география мамандығы бойынша қүрылған редакциялық кеңестің мүшесі.
1971 ж. - Ғылым тарихы жөніндегі Мәскеу қаласында өткен ХІІІ халықаралық кеңестің жүмысына қатысады.
1979 ж. - "Қазақстан табиғатын зерттеу" атты монографиясы жарық көрді.
1980 ж. - Қазақ ССР Оқу министрлігі коллегиясының шешімімен "Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері" атағы берілді.
- Фрунзе (қазіргі Бішкек) қаласында өткен СССР географиялық қоғамының VII съезіне қатысады.
1981 ж. - ҚазПИ-дің физикалық география кафедрасының меңгерушісі болып сайланды.
1982 ж. - "Қазақстанның физикалық географиясын зерттеу" атты монографиясы басылды.
1983 ж. - "СССР жоғары білім саласындағы үздік табыстары үшін" медалімен марапаттады.
1984 ж. - маусым айында Баку қаласында Әзірбайжан Ғылым академиясының география институтында "Қазақстан табиғатын зерттеу және физикалық-географиялық идеялардың дамуы (көне дәуірден 1917 жылға дейін)" деген тақырыпта география ғылымының докторы ғылыми атағын алу үшін диссертация қорғады. Диссертацияны Жоғарғы аттестациялық комиссия солжылдың 28-желтоқсанында (протокол № 51 д/29) бекітті.
1985 ж. - Жоғарғы аттестациялық комиссия профессор ғылыми атағын берді (протокол № 25 пк/д. 19-шілде).
- Киев қаласында өткен СССР географиялық қоғамының VIII съезіне қатысты. Географиялық қоғамның тексеру комиссиясының мүшесі болып сайланды.
1986 ж. - Ә.С.Бейсенованың ұсынысымен «экология» мамандығы ашылып, ҚазПИ-дің физикалық география кафедрасының жанынан "Ландшафттар экологиясы және табиғатты қорғау" атты лаборатория ұйымдастырылды, оны осы ұйымдастырушының өзі басқарды.
1987 ж. - Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының жарлығымен "Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген жоғарғы мектеп қызметкері" құрметті атағы берілді;
- "Табиғатты алғашқы ашушылар" атты зерттеу еңбегі жарық көрді.
- "Еңбек ардагері" медалімен марапатталды.
1988 ж. - Оқу және педагогтік гылым саласындағы ерекше еңбегі үшін Қазақ ССР Оқу министрлігінің коллегиясы "Ыбырай Алтынсарин" медалімен марапаттады.
1989 ж. - Ә.С.Бейсенованың ұсынысы және тікелей қатысуымен ҚазПИ-дің жаратылыстану-география фақультетінің құрамында экология бөлімі ашылды.
1990 ж. - "Қазақстан табиғатын зерттеу және физикалық-географиялық идеялардың дамуы" атты зерттеуі жеке кітап болып басылды.
- Қазан қаласында өткен СССР географиялық қоғамының IX съезіне қатысты.
1991 ж. - Ә.С.Бейсенованың ұсынысы және тікелей қатысуымен ҚазПИ-де география жөне экология факультеті ұйымдасты.
- География және экология факультетінің деканы болып сайланды. 1999 жылға дейін істеді.
- Қазақстан географиясы және экология кафедрасының меңгерушісі болып сайланды.
1992 ж. - Абай атындағы ҚазПИ-де «туризм» мамандығын ашты
1994 ж. - Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды.
- "Қазақстанның физикалық географиясы" атты орта мектептің VIII сыныбына арналған оқулығы (К.Кәрпеков, М.Қалиев, Н.Молдағұловпен бірге) жарық көрді.
1995 ж. - Қазақстанның "Экология" халық академиясының академигі болып сайланды.
1996 ж. - Қазақстан жоғары мектебі ғылым академиясының академигі болып сайланды.
- Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен "Құрмет" орденімен марапатталды.
1998 -2008 ж. - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі.
1999 ж. - "Атамұра" баспасы "Экология" атты оқулығын жариялады (Ж.Шілдебаевпен бірге).
- Әлемдік экология проблемаларына арналған халықаралық конференцияда «Қазақстанның экологиялық жағдайы» (Вашингтон. АҚШ) туралы жасаған баяндамасы арнайы мақтау қағазбен атап өтілді.
2000 ж. - Мәскеуде "Дизайн" баспасынан "Қазақстанның географиялық Атласы" үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) жарық көрді.
- "Қазақстанның физикалық географиясы" атты жаңа оқулық (орта мектептің VIII сыныбына арналған) бастырды. (К.Кәрпековпен бірге), оқулық қазақ, орыс, ұйғыр тілдерінде шықты.
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталды.
- "Материктер мен мұхиттардың географиясы" атты орта мектептің VII сыныбына арналған оқулығы (С.Әбілмәжінова, К.Қаймулдиновамен бірге) қазақ, орыс, ұйғыр тілдерінде басылды.
- "Экологиялық білім мен тәрбие беру" атты кітабы (Ж.Шілдебаевпен бірге) жарық көрді.
2001 жылы - "Қазақстандағы географиялық зерттеулердің тарихи негіздері" атты монографиясы жарық көрді.
- "Қазақстандағы географиялық зерттеулердің тарихи негіздері" монографиясы үшін Қазақстан Білім және ғылым министрлігінің шешімімен Ш.Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығы берілді.
- "Экология" атты жаңа оқулығы жарық көрді (Ж.Шілдебаев, Г.Сауытбаевамен бірге).
- География. Материктер мен мұхиттар. Оқыту әдістемесі. Жалпы білім беретін мектептің 6 - сынып мұғалімдеріне арналған оқу құралының байқау нұсқасы. Қазақ, орыс, ұйғыр тілдерінде (С. Әбілмәжінова, К. Қаймолдинова, Б. Асубаев, С. Көбенқұловамен бірге) басылып шықты.
- «Адам экологиясы» оқулығы (8-сынып үшін) басылды. (Г. Бейсеева, Ж. Шілдебаев, Ф. Қозыбаева, Б. Қазыхановамен бірге).
- «Инженерлік экология», «Экологиялық экспертиза» атты типтік оқу бағдарламаларын жасады (З. Ахметжановамен бірге).
2003 ж. - Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі болып сайланды.
- Қазақстанның географиялық Атласы Алматыда «Глобус» баспасында басылды. (А.К. Притворов, А. Окатова, К. Қаймолдиновамен бірге).
- География. Дүние жүзіне жалпы шолу. ТМД елдері. 10 сыныпқа арналған оқулық (К. Қаймолдиновамен, С. Әбілмәжінова, Ж. Достаймен бірге) жарық көрді.
- Ұлттық Қазақ Энциклопедиясының Бас редакция мүшесі.
- Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы. (11 сынып үшін. Байқау оқулығы) жарық көрді. (К. Қаймолдинова, С. Әбілмәжінова, Ж. Достаймен бірге).
2004 ж. - Өз өтініші бойынша кафедра меңгерушісі қызметінен босап, жаңадан ашылған жаратлыстану пәндерін оқыту орталығына жетекші болып тағайындалды.
- «Экология және табиғатты тиімді пайдалану» кітабы жарық көрді. (А. Самақова, Т. Есполов, Ж. Шілдебаевтармен бірге).
2005 ж. - «Экология» атты электрондық оқулық жасады. РИЦ. Алматы.
- Атлас. Экономикалық және әлеуметтік география курсына арналған (9 - сынып). К. Қаймолдиновамен бірге.
- Ш. Уәлихановтың туғанына 170 жыл толуына арналған конференцияда «Шоқанның картографиялық мұрасы» тақырыбына баяндама жасады.
2006 ж. - «Экология - ел тағдыры» атты жаңа кітабы («Мектеп») жарық көрді.
- «Қазақстандағы география ғылымының негізгі даму бағыттары» атты зерттеуі (орыс тілінде) басылды («Мектеп»)
- «Мектеп» баспасынан жаратылыстану-математика бағытындағы мектептердің 10-сыныбына арналған география оқулығы жарық көрді (. Қаймолдинова К.Д және т.б.)
- жарық көрген Қазақстан Республикасының тұңғыш үш томдық Атласын құрастыруға қатынасты.
- АҚШ Библиография институтының шешімі бойынша «2006 жылғы жыл әйелі» атағымен және медалімен марапатталды.
- Шымкент қаласының құрметті азаматы атанды.
2007 жылы - «Мектеп» баспасынан жаратылыстану - математика бағытындағы мектептердің 11-сыныбына арналған география оқулығы жарық көрді (Қаймолдинова К.Д. және т.б.)
- 12 жылдық орта мектепті ғылыми тұрғыдан дәлелдеуге арналған халықаралық конференцияда «12 жылдық мектепте өтетін табиғаттану сабақтарын жүргізуде жаңа технологияны пайдаланудың жолдары мен негізгі бағыттары» атты баяндама жасады. Алматы. 20-21 сәуір.
- - «Өмір өткелдері» атты деректі кітабы жарық көрді. «Білім» баспасы.
- ҚР Президентінің Жарлығымен «Парасат» орденімен марапатталды.
- Жоғарғы оқу орындары академиясының құрмет белгісімен марапатталды
- «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
- Созақ ауданының құрметті азаматы атанды.
- - «Қазақстан республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» медальмен марапатталды.
2008 ж. - әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің медалімен марапатталды.
- Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау министрлігіне 20 жыл медалімен марапатталды.
- 2008 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетіне 80-жыл медалімен марапатталды.
- География кадрларын дайындау проблемасына арналған конференцияда «География кадрларын дайындаудың өзекті мәселелері» атты баяндама жасады. География Институты.
- - «Қазақстан табиғатының зерттелуі» (көне дәуірден ХХ ғ. басына дейін). монографиясы басылды. Алматы «Глобус».
- - «ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігіне 20 жыл» медалімен марапатталды.
2009 жылы - Орта білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған "Экология" атты оқулығы жарық көрді. (Ж.Шілдебаевпен бірге).
- 2009 жылдан бастап Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Отбасы және гендерлік саясат істері жөніндегі комиссия мүшесі.
- «Туризмді дамытудың экологиялық- географиялық мәселелері» атты халықаралық ғылыми - практикалық конференцияда «Алматы облысында туризмді дамытудың табиғи негіздері» атты баяндама жасады. Наурыз. Алматы.
- «Қазақстан шаруашылығына кластерлік жүйені енгізудің проблемалары» атты конференцияда осы тақырыпта баяндама жасады. (Г. Жандосовамен бірге). Аль - Фараби атындағы ҚазҰУ. Мамыр.
- Қазақтың Қ. Сәтпаев атындағы Ұлттық техникалық университетінде өткен «Қазақстанда жер туралы ғылымның дамуы» атты конференцияда «Қазақстан географиясын зерттеудің ғылыми проблемалары» атты баяндама жасады.
2010 жылы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті жанынан құрылған қоғамдық кеңес мүшесі.
- «Жер туралы ғылымдардың қазақша-орысша-ағылшынша терминологиялық сөздігін жасаудың мәселелері» атты кітабы жарық көрді. (К. Қаймолдиновамен бірге).
- «Жаратылыстану пәндері бойынша жаңа бағыттағы 12 жылдық мектеп үшін үздіксіз білім берудің әдістемесі» кітабы басылды. Алматы. ТОО Print-s баспасы.
- Қазақтың Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетінің ғылыми кеңесінің шешімімен «Университеттің үздік профессоры» атағын алды.
2011 ж. - Қазақстан республикасы Президентінің сайлауын өткізу шарасына белсенді қатысқаны үшін «Қазақстан Президентінің Алғысын» алды.
- Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы кезіндегі азаматтық белсенділігі үшін Алматы қаласының әкімі «Алғыс хат» тапсырды.

 

 


← Вернуться назад