О нас | Главная /
Қалдыбаева Жанар Біржанқызы
Қалдыбаева Жанар Біржанқызы
Қысқаша өмірбаяны Қалдыбаева Жанар Біржанқызы 1981 жылы Алматы облысы Қаратал ауданы Үштөбе қаласында дүниеге келген. 1998 жылы Елтай орта мектебін бітіріп, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің география-экология факультетіне оқуға түсті, 2002 жылы "география - экология" мамандығы бойынша үздік бітіріп шықты. 2004 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің магистратурасын "510950-Экология" мамандығы бойынша бітіріп," экология магистрі" біліктілігі берілді. 2003 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ "Экология және табиғи ландшафттар зертханасының" зертханашысы болып жұмысқа қабылданды. 2004 жылы "Қазақстан географиясы және экология" кафедрасының зертханашысы қызметін жалғастырды. 2006 жылы осы кафедраның ассистенті болып оқытушылық қызметін бастады. 2007 жылы сол кафедрада оқытушы лауазымына ауысты. 2008 жылы жаңа құрылымдық өзгерістерге байланысты факультетте "Экология және қоршаған ортаны қорғау" кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істеді. 2012 жылы кафедралар бірлестігіне байланысты "Қазақстан географиясы және экология" кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс істеді. 2018 жылы институттағы құрылымдық өзгерістерге байланысты "География және экология" кафедрасының құрамында аға оқытушы лауазымында жұмысын жалғастыруда. Кафедрада жұмыс істей отырып, Қалдыбаева Жанар Біржанқызы жас маман ретінде өзінің білімі мен тәжірибесін, біліктілігін көрсетті. Басылымды шығару жоспарында отандық және шетелдік басылымдарда бірлескен авторлармен бірлесіп 40-қа жуық ғылыми мақалалар мен оқу-әдістемелік құралдар шығарылды. Біліктілікті арттыру мақсатында көптеген курстар мен семинарлардан өтті, сертификаттары бар. Қоғамдық жұмыстар: кафедраның оқу, оқу-әдістемелік жұмыстарын орындау міндетін атқарады. Экология мамандығы бойынша жұмыс оқу бағдарламаларын, элективті пәндер каталогын әзірлеуші, экологиялық пәндер бойынша кафедраның сағаттық жүктемесін және т.б. есептейді. Жеке қасиеттер: коммуникативтілік, ұқыптылық, жауапкершілік.
БІЛІМІ
ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ 1. Экология және ТД 2. Топырақтану 3. Топырақ экологиясы 4. Агроэкология 5. Экологиялық биогеография 6. Радиациялық экология
ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ 1. 1 Установление токсичности почв г.Алматы методом фитотестирования. Мат-лы международ. симпозиума и молодежной школы «Биодиагностика и оценка качества природной среды: подходы, методы, критериии эталоны сравнения в экотоксикологии». МГУ. Москва, Россия. 25-28 октября 2016 г. стр.166-169. В соавторстве 2. Создание и применение биотехнологий в защите окружающей среды Казахстана. Вестник НАН РК. №368, Алматы, 4 июля, 2017 г. стр.76-80. В соавторстве 3. ZH.B. Kaldybayeva, M. S.Kurmanbayeva , K.SH.Alimov, K.SH.Bakirova. Phytochemical analysis of the plant Paulownia Siebold & Zucc, grown in the conditions of Almaty region// Фармация Казахстана. №6 (245), 2022. - С.140-147 4. Калдыбаева Ж.Б., Курманбаева М.С . Paulownia Siebold & Zucc өсімдігінің Shan Tong және FTE гибридтері жапырақтарының анатомиялық ерекшеліктері. Букетов университеті Хабаршысы. Биология. Медицина. География сериясы. №2 (110), 2023 ж. 68-75 беттер 5. Исследования компонентного состава растения Аrtemisia annua l. и его антимикробной активности. Фармация Казахстана. №3 (248), 2023 г. - стр. 109-117
ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТІ 1. Қазақстанның физикалық географиясы. Оқу-әдістемелік құрал. Алматы: Абай ат.ҚазҰПУ, «Ұлағат» баспасы, РУМС КазНПУ им.Абая. 2016 г. - 235 б. В соавторстве 2. Геоэкология және табиғатт қорғау. Оку-Әдістемелік құрал. Абай ат. ҚазҰПУ баспасы. Алматы, 2009 ж.- 60 б. В соавторстве 3. Медициналық география. Оқу құралы. Абай ат.ҚазҰПУ баспасы, Алматы, 2011 ж. - 88 б. В соавторстве 4. Оқыту модулдері негізінде «Экология және тұрақты даму» пәні бойынша «Атмосфера және оның экологиялық мәселелері» тақырыбындағы семинар сабақтың құрылымы. ҚР ҰҒА академигі Ә.С. Бейсенованың 85 жас мерейтойына арналған «Жаратылыстану ғылымдары білімін жаңартылған мазмұны жағдайында модернизациялау» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Алматы. 2-3 наурыз, 2017. - 246-252 б. 5. Болашақ мұғалімдерге жаратылыстану пәндері негіздерінде экологиялық білім берудің әлеуметтік-педагогикалық жағдайы. Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогическая», № 2 (22), Алматы, 2009 г. стр.50-55
← Вернуться назад |
050010, Республика Казахстан
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
Канцелярия: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Приемная комиссия: 8(727)291-57-68
Call-центр: 8 (727) 221 85 14
Сектор Психологической службы: 8 700 976 89 97
Прием граждан по личным вопросам
|
|
Цифровой центр обслуживания студентов «Шапағат» Статистика посещений
|