қазақша · русский · english
 
О нас
 
   Главная / Исқақова Мақпал Төлеуғалиқызы

Исқақова Мақпал Төлеуғалиқызы


ҚЫСҚА АВТОБИОГРАФИЯ

Семей облысы Абай ауданы Қайнар ауылында дүниеге келген. С.Бегалин атындағы орта мектепті үздік бітірген соң, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде математика мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2000 ж. Семейдің Қазақ қаржы-экономикалық институтында бастап,

2001-2010 жж. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде оқытушы, аға оқытушы, доцент қызметтерін атқарды.

2009 ж. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде педагогика ғылымдары бойынша кандитаттық диссертциясын қорғады (13.00.02-Оқыту мен тәрбие теориясы және әдістемесі (Математика))

2011-2012 жж. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында математика кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.

2012 жылдан қазірге дейін Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде қауымдастырылған профессор қызметін атқарып келеді.

«Жас ғалым-2014» мемлекеттік стипендия иегері.

2013 ж. Ньюкасл университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті (Ұлыбритания).

Ұстаздық еңбек жолымен қатар, қоғамдық, әлеуметтік жұмыстарда қалалық, республикалық және халықаралық деңгейлерінде де  ұйымдастырушы, басшы қызметтерін де атқарып келеді. Атап айтқанда, қалалық, республикалық, халықаралық пәндік олимпиада, ғылыми жобалар (Жәутіков атындағы республикалық пәндік олимпиаданың әділ-қазылар төрайымы, «Дарын», «Зерде» ғылыми жобаларының әділ-қазылар мүшесі).

Бүгінгі таңда 8 оқу-әдістемелік құралының авторы, халықаралық рейтингісі жоғары басылымдарда 2 мақаласы жарық көрген (индекс хирша 1). Республикалық, халықаралық конференцияларда және тұрақты басылымдарда басылған мақалалары 100-ге жуық.

 

БІЛІМ БЕРУ

Оқу орны

Біліктілік

Аяқталу жылы

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

Математик, оқытушы

2000  

Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Білім Академиясы 

аспирантура

2006

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ

Ғылыми дәреженің атауы

Ғылыми сала

Дипломның берілген күні

Педагогика       ғылымдарының

кандидаты

13.00.02

23.04.2010

 

ОҚЫТЫЛАТЫН ПӘНДЕР (тізбе бойынша дайындық деңгейлері)

Бакалавриат: Математиканы оқыту әдістемесі. Олимпиада және конкурстық есептерді шығару әдістемесі.

Магистратура: Орта мектепте математикалық есептерді шығаруға үйретудің теориялық негіздері. Математиканы оқыту нәтижелерін бағалаудың заманауи әдістері.

 

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТТЕР - зерттеу тақырыптары, жарияланымдар саны (5 маңыздысын көрсетіңіз) Жалпы жариялым саны 94. Оның 8 оқу-әдістемелік құрал, халықаралық рейтингісі жоғары басылымдарда 2 мақала және алыс шетелдік ғылыми журналдар мен баспаларда  басылған басылымдар 2, БҒСБК тізіміне енген басылымдарда 18 мақаласы жарық көрген.

https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=56184543900

Orcid: https://orcid.org/0000-0001-7368-7518

 

 


← Вернуться назад