қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
15.07.2022

Абай атындағы ҚазҰПУ басшылығы Мингечевир мемлекеттік университетінің басшылығымен кездесті

 

2022 жылдың 14 шілдесінде Абай атындағы ҚазҰПУ-да Басқарма Төрағасы - Ректор Дархан Біләлов бастаған университет басшылығының Мингечевир мемлекеттік университетінің ректоры (Мингечевир қ., Әзірбайжан) доктор Шахин Байрамовпен кездесуі өтті.


Кездесу барысында екі университет туралы ақпарат ұсынылды, екі жоғары оқу орны арасындағы тығыз серіктестіктің негізін қалайтын өзара ынтымақтастық бағыттары талқыланды. Кездесудің соңында екі университет ректорлары өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 



46

Вернуться назад