қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
27.08.2022

«Білімді ұлт:  білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм» форумы

 

2022 жылдың 25 тамызында жаңа оқу жылы қарсаңында Республика сарайында білім беру саласындағы ең ірі оқиға - Алматы қаласы педагогтарының  «Білімді ұлт: білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм» форумы өтті.

 

Форум жұмысына Білім беру және ағартушылық  министрі Асхат Аймағамбетов, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, Сингапур мұғалімдер одағының Бас хатшысы Майк Тируман, Хельсинки қаласы Білім департаментінің қызметтерді дамыту бөлімінің басшысы Марье Киллонен, білім беру саласындағы қазақстандық және шетелдік сарапшылар қатысты.

 

Форум барысында Алматы Білім беру жүйесі жұмысының 11 бағыты бойынша стендтік көрменің жарқын алаңдары ашылды. «Кітап  оқитын мектеп» жобасы аясында «Алматыкітап баспасы» «TopIQ.kz» электронды оқулықтар платформасын таныстырды.  Абай атындағы ҚазҰПУ орыс тілі және әдебиеті кафедрасының оқытушылары жазған 11-сыныпқа арналған «Орыс әдебиеті» электронды оқулығының мысалында жасөспірімге таныс цифрлық тіл тек ақпаратты ұсынудың нысаны ғана емес, сонымен қатар шығарма туындысы мен оқырман арасындағы көпір ретінде ақпараттық тілдің де болатыны көрсетілді.

 

  alt=  

 

  alt=