О нас | Главная /
Тұрғынбаева Ботагүл Алтайқызы
Тұрғынбаева Ботагүл Алтайқызы
Жамбыл облысында 02.01.1953 жылы дүниеге келген. М.Мәметова атындағы Қызылорда қыздар педагогикалық училищесін, Жамбыл педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. Жамбыл облысында № 303 сегізжылдық мектептің бастауыш сынып мұғалімі (1972 - 1976 ж.ж), К.Маркс атындағы орта мектепте директордың оқу - әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары (1976 - 1981 ж.ж), Алматы облысы Жамбыл аудандық аудандық оқу бөлімі, (1981 - 1983 ж.ж), Алматы облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтының әдіскері, кабинет меңгерушісі (1983 - 1986 ж.ж), Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыратын республикалық институтта әдіскер, доцент, кафедра меңгерушісі болып жұмыс жасаған (1986 - 2008 ж.ж), 2008 жылдан бері Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде кафедра меңгерушісі (2008 - 2014 ж.ж), қазіргі кезде профессор қызметін атқаруда.
БІЛІМ
ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ
ҒЫЛЫМИ АТАҒЫ
ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ Бакалавриатта: Педагог психологтың кәсіби этикасы. Докторантурада: Ғылыми зерттеулердің теориясы мен әдіснамасы Кәсібиліктің акмеологиялық әдіснамасы
ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ Ғылыми зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері. Оқу құралы - Алматы: ТОО «Жания Полиграф» 2015. - 13. 5 б.т.; Андрагогика Оқу құралы - Алматы: «Болашақ» баспасы 10 б/т Алматы: 2011. Болашақ мұғалімдердің әлеуетін дамыту: кәсіби шығармашылық жолында. Монография. - Алматы: Полиграф - Сервис баспаханасы 2012 ж 20 б/т. Педагогикалық акмеология. Оқу құралы - Алматы: «ЖС Тантеев» баспаханасы, 2017 ж.165 б Wef of Science Core Collection, Scopus базаларындағы басылымдарда 9 мақаласы шыққан. H - index 2
ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ - Ғылыми еңбектері педагогтардың шығармашылық әлеуетін дамыту, бастауышта оқыту мәселелері, ғылыми зерттеудің әдіснамасы, ересектерге білім беру, студенттердің медиақұзыреттіліктерін қалыптастыру бағыттарында жүргізіледі. Осы тақырыптарда 11 оқу құралы, 15 ғылыми-әдістемелік және ғылыми - практикалық құрал жарық көрген. ҚР БжҒМ ұсынған жалпы білім беретін 11 жылдық мектептердің 2-4 сыныптарына арналған «Әдебиеттік оқу» оқулығы мен ОӘК- нің авторы.
МАРАПАТТАРЫ Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі (1995 ж.); Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері (2005 ж.); Ы.Алтынсарин төс белгісі (2016 ж.) «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекетік гранты иегері 2011 ж, Республикалық «Үздік әдіскер» конкурсының 2 - орын жеңімпазы. 2014 ж.
← Вернуться назад |
050010, Республика Казахстан
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
Канцелярия: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Приемная комиссия: 8(727)291-57-68
Call-центр: 8 (727) 221 85 14
Сектор Психологической службы: 8 700 976 89 97
Прием граждан по личным вопросам
|
|
Цифровой центр обслуживания студентов «Шапағат» Статистика посещений
|