О нас | Главная /
Қозыбай Анарбек Қозыбайұлы
Қозыбай Анарбек Қозыбайұлы
41 жыл жоғарғы оқу орындарында қызмет етуде(ҚазҰАУ, Абай атындағы ҚазҰПУ), педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ педагогикалық университетінің «Математика, физика және информатиканы оқыту» кафедрасының профессоры, Халықаралық педагогикалық білім беру ғылым академиясының академигі. Қозыбай Анарбек Қозыбайұлы, 1954 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1979 жылы Қазақ ауылшаруашылық институтын инженер-педагог мамандығы бойынша үздік бітірген. Студент кезінде үздік оқып, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқан және Лениндік стипендия иегері болды. 1985-1988 жылдары Ресей мемлекетіндег Дондағы Ростов қаласындағы ауылшаруашылық машина жасау институтында аспирантурада оқыды. 1988 жылы «Обоснование допустимого уровня вибродиагностических сигналов качества сборки роторов комбайнов семейства «ДОН» тақырыбында кандидаттық диссертациясын өз уақытында қорғап шықты. 2005 жылы Мәскеу қаласындағы мемлекеттік педагогикалық университетінде «Формирование профессионализма инженера-педагога в системе университетской подготовки» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. Қозыбай А.Қ. ғылыми жетекшілігімен 5 кандидаттық диссертация жұмыстарына жетекшілік жасап және сонымен қатар, 40-тан астам магистерлік диссертациялар қорғалды.
БІЛІМ
ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ
ҒЫЛЫМИ АТАҒЫ
ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ (тізімі бойынша даярлық деңгейлері) Магистратурада: Физикалық білім берудегі инновацилық технологиялар, Жоғарғы және орта мектептерде физикалық білім берудің әдістемелік негіздері, Заманауи физиканың көкейкесті проблемалары.
ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ -кәсіби білім берудің ғылыми негіздері мәселелерін зерттеу. 280-ден аса ғылыми-әдістемелік басылымдар, олардың ішінде 6 монография,8 оқулық, 40-тан астам электрондық оқулықтар және т.б. 4 мақала импакт-факторы бар, 12 ҚР БҒМ БҒСБК тізіміндегі журналдарда, 35 жақын және алыс шетелдер халықаралық конференциялар жинағындажарияланған.
МАРАПАТТАРЫ 2005 жылы Қозыбай А.Қ. Ы.Алтынсарин атындағы Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің медалімен марапатталды. 2010 жылы Қазақстан Республикасындағы «Жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері атанды.
← Вернуться назад |
050010, Республика Казахстан
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
Канцелярия: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Приемная комиссия: 8(727)291-57-68
Call-центр: 8 (727) 221 85 14
Сектор Психологической службы: 8 700 976 89 97
Прием граждан по личным вопросам
|
|
Цифровой центр обслуживания студентов «Шапағат» Статистика посещений
|