Главная /
Объявления
11.04.2014
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Л.Н.ГУМИЛЕВ атындағы ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР! Сіздерді 2014 жылы қазан айынының 10 күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде қытайтанушы ғалым, ұстаз, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан жазушылар одағы Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ШЫҰ «Жібек жолы: гуманитарлық ынтымақтастық» сыйлығының иегері, белгілі ақын, аудармашы Дүкен Мәсімханұлының 50 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отырған «Қазақстандағы қытайтану ғылымы: тарихы, бүгіні мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға шақырамыз. КОНФЕРЕНЦИЯ СЕКЦИЯЛАРЫ: 1. Қазақ және қытай халықтары қарым-қатынасының тарихы; 2. Қазақстандағы қытайтанудың тарихы мен даму беталысы; 3. Жаңа кезеңдегі Қазақстан мен ҚХР қарым-қатынасы; 4. Қытай тілі мен әдебиетін зерттеу мен оқытудың өзекті мәселелері; 5. Қытай тарихы мен мәдениетінің өзекті мәселелері; Сондай-ақ конференцияда профессор Д.Мәсімханұлының қытайтану, әдеби шығармашылық, көркем аударма және ұстаздық салаларындағы еңбектері де сараланып, талқыланыланумен бірге, ғалымның қытайтану бағытында жазылған жаңа еңбегінің тұсауы кесіледі деп күтілуде. КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ЖҰМЫС ТІЛІ: қазақ, орыс, ағылшын, қытай тілдері. КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУ ҮЛГІСІ: конференцияға баяндама жасау және сырттай қатысу. КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУ ШАРТЫ: Конференцияның жұмысына қатысу туралы өтінішті, мақаланы 2014 жылдың 31 мамырына дейін, gulnarabirimkulova2014@yandex.ru электрондық поштасымен ұйымдастыру комитетіне жіберу қажет. КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАЖЕТТІ МАТЕРИАЛДАР: электрондық түрдегі баяндама, мақала материалы; аннотация (орыс, ағылшын тілінде), конференцияға қатысу туралы өтініш (автор туралы мәлімет), ұйымдастыру жарнасын төлегендігі жөніндегі түбіртектің көшірмесі. Барлық құжаттар электронды нұсқамен жіберіледі. ҒЫЛЫМИ МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУ ЕРЕЖЕСІ: Материалдың ең басындағы оң жақ бұрышта автордың (-лардың) аты-жөні беріліп, одан кейінгі жолға елі, қаласы, жұмыс орны көрсетіледі. Одан кейінгі жолдан материал тақырыбы бас әріптермен ортада жазылады. Аннотация, кілттік сөздер тақырыптан кейін жазылады. Мәтін форматы MS Word редакторы; қаріп түрі 14 кегел. Times New Roman; жоларалық интервал - 1 жол; бет жиегі - жоғарғы және төменгі - 2 см, сол жақтан 3 см, оң жақтан 1 см, азат жол - 1,25 см.; беттер нөмірленбейді; сілтемелер мәтін ішінде тік жақшалармен [4.-17 б.] беріледі; пайдаланылған материалдар тізімі мақала соңында алфавит бойынша беріледі. ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖАРНАСЫ: Ұйымдастыру жарнасының сомасы ҚР азаматтары үшін 6000 (алты мың) теңге. ТМД және шетел азаматтары үшін 50 (елу) АҚШ доллары. Ұйымдастыру жарнасына конференцияға және барлық секция жұмысына қатысу, мақаланы баспадан шығару, конференция материалдары жинағы, сертификат кіреді. Ұйымдастыру жарнасын төлегендігі жөніндегі түбіртектің көшірмесін 2014 жылдың 31 мамырына дейін, ermek.d85@mail.ru электрондық поштасымен ұйымдастыру комитетіне жіберу қажет. ТӨЛЕМАҚЫ РЕКВИЗИТІ:
Банк Получателя/Beneficiary Bank: JSC Halyk Bank 109 "v" Abay ave., 050008 Almaty, Kazakhstan, SWIFT/BIC: HSBKKZKXXXX Банк Корреспондент в долларах США/ Correspondent Bank in USD: Корреспондентский счет№/Correspondent account # №8900372605 THE BANK OF NEW YORK MELLON, NEW YORK, NY 10286, NEW YORK, NY UNITED STATES, SWIFT/BIC: IRVTUS3NXXX Получатель/ Beneficiary: Тегі, аты жөні (ағылшын транскрипциясымен)
Счет/ Аccount: алушының 20-сандық ағымдық есепшоты JSC Halyk Bank Төлемақы белгісі «Ұйымдастыру жарнасының төлемақысы (Қатысушының аты жөні)». 20-сандық ағымдық есепшот KZ906015693100115560 Банк Реквизиттері РНН 600200048129 БИК HSBKKZKX (қосымшадан қараңыз) КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ӨТЕТІН ОРНЫ, УАҚЫТЫ 2014 жылдың 10 қазаны, конференцияның басталуы - сағ.10.00, тіркеу уақыты - сағ.09:30. Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қажымұқан көшесі 11, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті. Оқу тәжірбиелік ғимаратының №801 мәжіліс залы.
Байланыс үшін ақпарат: Қытай тілі кафедрасы 8 (7172) 709-500 (ішкі.номер 32 230) Абилдаева Айгуль, Нұрмағанбетқызы Назгүл, Биримкулова Гульнара Усербаевна- 87011835003, gulnarabirimkulova2014@yandex.ru, Ныгманова Динара - 87025919145, Аксёнова Ирина Николаевна - 87015301586 last_point@outlook.com , Дүйсенқожа Ермек - 87022575566 ermek.d85@mail.ru
ҚОСЫМША: ӨТІНІШ ФОРМАСЫ
ЕСКЕРТУ: Баяндама, мақалалар жоғарыда көрсетілген талапқа сай болмаса, 31 мамырдан кеш берілсе қаралмайды және баспаға басылмайды. Қазақ, орыс тіліндегі мақалаға аннотация (4-5 жол), кілттік сөздер (5-6 сөз) орыс, ағылшын тілдерінде. Қытай тіліндегі мақалаға қазақ, ағылшын тілдерінде жазылады. Шетел азаматтары аннотация, кілттік сөздерді ағылшын тілінде көрсетеді. ТМД елдері азаматтары аннотация, кілттік сөздерді орыс, ағылшын тілдерінде көрсетеді. Келіп-кету және тұру конференцияға қатысушысының өз есебінен.
|