О нас | Главная /
Иманқұлова Меруерт Амантайқызы
Иманқұлова Меруерт Амантайқызы
1988 жылы Алматы облысы, Алакөл ауданы Қарақұм ауылында дүниеге келген. 1994 - 2005 жылдар аралығында Жайпақ ауылы М.Төлебаев атындағы орта мекепте оқыған. 2005-2009 жылдар аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Филология факультетінде білім алып, 2008 жылы «ҚР Президенттінің стипендиясын» алып, үздік дипломмен аяқтады. 2009-2011 жылдары Магистратура және PhD докторантура инстутында магистрлік диссертациясын, 2013-2016 жылдары PhD докторантурада оқып, «Қазақ тіл біліміндегі таным теориясының ғылыми-әдістемелік негіздері (А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов зерттеулері бойынша)» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. 2016 жылдан бүгінгі күнге дейін Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті Акадамик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасында PhD (философия докторы), аға оқытушы қызметін атқарып келеді. 2010 жылы Мәскеу гуманитарлық-педагогикалық университетінде (Ресей), 2015 жылы Адам Мицкевич атындағы Познань университетінде (Польша), 2016 жылы Ататүрік атындағы Эрзурум университетінде (Түркия) және 2018 жылы Гази университетінде (Анкара, Түркия) тағылымдамадан өткен. 50 - ден аса ғылыми мақалалары Scopus базасындағы (4 мақала, оның ішінде екі мақала 56 процентильден жоғары), халықаралық конференцияларда, республикалық ғылыми журналдарда және ұжымдық монография мен оқу-әдістемелік құралдары жарияланған. 2017 жылы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Мемлекеттік тілді латын негізді графикаға көшіруге арналған латын әліпбиінің бірыңғай стандартын әзірлеу» атты мемлекеттік тапсырыс жобасына қатысқан. 2018-2020 жылдарға арналған мемлекеттік қаржыландыру грантының иегері «Латын графикасына негізделген ұлттық әліпбиді меңгертудің әдістемесі (филология мамандығында оқитын студенттер үшін)» (ЖТН АРАР05132846); 2020-2022 жылдары «Тілдік коммуникация парадигмалары: әдеби айтылым мен латынәліпбилі жазылым» (ЖТН АР08855685); 2022-2024 жылдары «Деңгейлік парадигмалар әдіснамасы: оқылым мен жазылым» атты гранттық жобасы (№АР14869424) тақыбындағы жобалардың орындаушысы. 2022 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жас ғалымдарға арналған жоба конкурсының иегері. Жоба тақырыбы: «Қазақ тілін креативті оқыту арқылы меңгерту».
БІЛІМІ
ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ
ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ Тіл біліміне кіріспе
← Вернуться назад |
050010, Республика Казахстан
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
Канцелярия: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Приемная комиссия: 8(727)291-57-68
Call-центр: 8 (727) 221 85 14
Сектор Психологической службы: 8 700 976 89 97
Прием граждан по личным вопросам
|
|
Цифровой центр обслуживания студентов «Шапағат» Статистика посещений
|