О нас | Главная /
Сыдықова Жайнагүл Қаныйқызы
Сыдықова Жайнагүл Қаныйқызы
ҚЫСҚАША АВТОБИОГРАФИЯ
Абай облысы, Мақаншы ауданында 1968 жылы дүниеге келдім. 1986 жылы Мақаншы ауданында мектепті, Алматыда 1992 жылы Қазақтың әл-Фараби атындағы мемлекеттік университетін бітірдім. 1995-2016 жылдарда Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде жұмыс істедім. 1997-2000 жылдарда Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде аспирантурада оқыдым. 2007 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Мектеп оқушыларының физикалық ұғымдарды меңгеруінің әдістемелік ерекшеліктері» тақырыбында 13.00.02-Оқыту теориясы мен әдістемесі (физика) мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғадым. 2016 жылдан бастап Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің математика, физика және информатиканы оқытудың әдістемесі кафедрасының қауымдастырылған профессоры лауазымында жұмыс атқарамын. 120-дан астам жарияланған ғылыми еңбектерім бар. Ғылыми және оқытушылық қызметті біріктіремін.
БІЛІМ
ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ
ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ Бакалавриат: Физиканы оқыту әдістемесі, Физиканы оқытудың инновациялық технологиялары, Физикалық есептерді шешуге арналған практикум 1, Физикалық есептерді шешуге арналған практикум 2. Магистратура: Физикалық білім берудегі инновациялық технологиялар, Физиканы оқыту теориясы мен әдістемесінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу әдіснамасы, Мектепте және педагогикалық жоғары оқу орындарында физиканы оқытудағы сабақтастық. Докторантура: Ғылыми зерттеу әдістері.
ҒЫЛЫМИ -ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ Физикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі, физиканы оқыту әдістемесі, физиканы оқытуда интербелсенді әдістерді қолдану мәселелері бойынша жұмыстармен айналысады. 120-дан астам жарияланған ғылыми еңбектері бар. Ғылыми мақалалар: - Сыдыкова Ж.К., Шойынбаева Г.Т., Минтасова А.С. Мектеп оқушыларына физиканы оқытуда нанотехнология элементтерін қолдану // Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті. Хабаршы. «Педагогика ғылымдары» сериясы. - 2018. - №2 (58). - Б.253-258. - Сыдыкова Ж.К. Физикалық ұғымдарды қалыптастыру мәселесі // Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті. Хабаршы. «Физика-математика ғылымдары» сериясы. - 2018. -. №1 (61). - Б.216-220. - Сыдыкова Ж.К., Мамбетакунов Э.М., Ерженбек Б. «Энергия» ұғымын қалыптастыруда жаттығулар жүйесін қолдану әдістемесі // Абай атындағы ҚҰПУ Хабаршысы. «Физика-матемтика ғылымдары» сериясы. - №1(65). - Алматы, 2019 .- Б.142-147. - Сыдыкова Ж.К., Ерженбек Б. Негізгі мектепте физиканы оқыту барысында энергия ұғымын қалыптастыруда пәнаралық байланысты жүзеге асыру // Абай атындағы ҚҰПУ Хабаршысы. «Физика-матемтика ғылымдары» сериясы. - №1(65). - Алматы, 2019.-Б.170-174. - Сыдыкова Ж.К., Жумабекова Р.Р. Есту сезімталдығының сипаттамалары. клиникадағы дыбыстық зерттеу әдістерінің физикалық негіздерінің кейбір мәселелері // Абай атындағы ҚҰПУ Хабаршысы. «Физика-матемтика ғылымдары» сериясы. - №3(67). - Алматы, 2019.-Б.180-185. - Сыдыкова Ж.К., Ерженбек Б., Нурмухамедова Ж.М., Нурбаева Д.М., Жумалиева Л.Д. Орта мектепте жаратылыстану пәндері бойынша білім беру үдерісіндегі сабақтастық // Педагогика және психология. Ғылыми-әдістемелік журнал. Абай атындағы ҚазҰПУ.- № 3(48)-2021. -Алматы. - Б.49-57. - Sydykova Zh.K., Yerzhenbek B., Rakhimberdina A.T. Problems of formation of fundamental scientific concepts // Педагогика және психология.Ғылыми-әдістемелік журнал. Абай атындағы ҚазҰПУ.- № 4(53)-2022.-Алматы .- P.226-235. - Оразов Б.Д., Наметкулова Ф.Д., Тасболат Е.Б. Педагогикалық жоғары оқу орындарында болашақ физика мұғалімдерін даярлау // «Қазақстан республикасы Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ «Халық» ЖҚ Хабаршысы. - №2 (408), март-апрель, 2024. - Б.264-278 . - Sydykova Zh.K., Naushabekov Zh.A. Application of stem education to analyze and solve physics problems in schools // Абай атындағы ҚҰПУ Хабаршысы. «Физика-матемтика ғылымдары» сериясы. - №2 (86). - Алматы, 2024.-Б.333-341. - Methodological foundations of teaching nanotechnology when training future physics teachers // Thinking Skills and Creativity 42 (2021) 100970. https://doi.org/10.1016/J.TSC.2021.100970 - Methods of forming physical concepts for primary school students // Cypriot Journal of Educational Sciences Volume 17, Issue №3, (2022).- Р.891-902. DOI: https://doi.org/10.18844/cjes.v17i3.6959 - Mukushev B., Bazarbekova A., Ibatayev Zh., Sydykova Zh., Mukushev S. The role of self-organization theory in the development of students` interdisciplinary research ability // International Journal of Evaluation and Research in Education (IJERE) Vol. 13, №4, August 2024, pp. 2527-2535. ISSN: 2252-8822, DOI: http://doi.org/10.11591/ijere.v13i4.28856 - Sugurzhanova G., Sydykova Zh., Nurtayeva G., Almabayeva N. Ways of interdisciplinary communication of physics and informatics // Suggested Citation: Uzhhorod Univ Ser Phys. 2024;(55).- PP. 32-41. DOI:https://doi.org/10.54919/physics/55.2024.3pic2 - Zhumabekova R., Sydykova Zh., Serik E., Baimakhanova A. Principles of teaching medical biophysics as a major subject // Scientific Herald of Uzhhorod University. Series "Physics". 2024;(55). - PP. 577-585. DOI: 10.54919/physics/55.2024.57pr7 Оқу-әдістемелік құралдары: - Сыдыкова Ж.К. Молекулалық физика және термодинамика. Сабақ жоспары. Физика 10.-Алматы: «Айкос» ФБФ, 1999.-65 б. - Маусымбаев С.С., Ботатаев В.У., Нурабаева Г.У., Мешетова Ж.С., Мукушева М.К.,Сыдыкова Ж.К. Курс лекций по физике твердого тела. Учебное пособие.- Семипалатинск-Курчатов, 2006.- 109 б. - Сыдыкова Ж.К. Физикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі. - Семей, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті. - 2015.- 68 б. - Jumadillayev K., Sydykova Zh., Teaching methodology of Physics. - Approved by the Ministry of Education and Science, Republican scientific and practical center «Textbook». - Almaty. - 2016.-312 p.
МАРАПАТТАРЫ 1. «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл» естелік төсбелгі, Семей мемлекеттік педагогикалық университеті (2011ж.) 2.Университетке сіңірген ерекше еңбегі үшін «Шәкәрім» медалі, Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті (2014ж.) 3.Университеттің кәсіптік мамандар даярлауға сіңірген еңбегі үшін «Үздік ұстаз» төсбелгісі, Абай атындағы ҚазҰПУ (2022ж.) 4.Білім беру саласын дасмытуға қосқан үлесі үшін «Абай» төсбелгісі, Абай атындағы ҚазҰПУ (2023ж.).
← Вернуться назад |
050010, Республика Казахстан
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
Канцелярия: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Приемная комиссия: 8(727)291-57-68
Call-центр: 8 (727) 221 85 14
Сектор Психологической службы: 8 700 976 89 97
Прием граждан по личным вопросам
|
|
Цифровой центр обслуживания студентов «Шапағат» Статистика посещений
|