қазақша · русский · english
 
О нас
 
   Главная / Баймолда Досан

Баймолда Досан

ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯНЫ

1956 жылы Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында туған.

1973 жылы Өлгей қаласындағы қазақ орта мектебін бітірді

1974 жылы Польша елінің Лодзь Университеті жанындағы поляк тілінің дайындық бөлімін,

1974-1980 жылдары Польшаның  Варшава Университеті және М.К.Склодовская атындағы Люблин университеттерінде оқыды.

1980 жылы физика ғылымының магистрі атағын алды..

1980-1992 жылдары Моңғолия Ғылым Академиясының Физика-техника және Химия институттарында ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, зертхана жетекшісі қызметтерін атқарды.   

1984-1992  жылдары Моңғолия ҒА-да іске асқан  ЮНЕСКО және МАГАТЭ екі  халықаралық ғылыми   жобасына жетекшілік еткен.

1988 жылы Чехословакия Ғылым Академиясының Геология және Геотехника Институтында,

1990 жылы  Польшаның Атом Энергиясы жөніндегі Институтында,

1992 жылы МАГАТЭ-нің Вена қаласындағы Орталық зертханасында ғылыми жұмыстарын жалғастырған.

1996 жылы Чехия Техникалық университетінде «Ядролық физиканың - Рентгенфлюресценциялық зерттеу әдісін көмір өндірісінде қолдану» тақырыбы бойынша  докторлық диссертация қорғаған.

2008-2013 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ-нің халықаралық журналистика кафедрасында доцент, профессор, кафедра меңгерушісі болып істеді.

2014 жылы ҚР Президентінің «Болашақ» бағдарламасы бойынша Польша елінің  Адам Мискевич университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.

2015 жылы Германияның «DAAD» бағдарламасы бойынша Гумбольдт университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.

2015-2016 жылы Абай атындағы ғылыми зерттеу орталығында аға ғылыми қызметкер,

2017  жылдан бастап Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Математика, Физика және Информатика институтының Физика кафедрасының  ассоц.профессоры, профессоры

2018 жылы Қазақстанның Ұлттық Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының корреспондент мүшесі болып сайланды.

 2019 жылы ҚР БжҒ Министрлігінің Білімді бақылау комитетінің шешімімен физика мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор ғылыми атағын алды.

2022 жылы Қазақстанның Ұлттық Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының академигі болып сайланды.

2022 жылы наурызда АҚШ тың Нью-Иорк қаласында орналасқан «American Journal of Physics and Applications» (AJPA) ғылыми журналының редакциялық кеңес мүшесі болды.

 

БІЛІМІ:

Білім алған орындар

Білім дәрежесі

Оқыған жылдары

 №1 қазақ орта мектебі. Өлгей қаласы, Моңғолия

    Орта білім

              1963-1973

Лодзь университетінің дайындық факультеті, Лодзь қаласы, Польша

   Жоғары білім (дайындық)

              1973-1974

Варшава университеті, Варшава қаласы, Польша

   Жоғары білім (бакалавриат)

               1974-1977

 М.К. Склодовская атындағы мемлекеттік университет, Люблин, Польша

   Жоғары білім (магистратура)

               1977-1980

Саясаттану Институты. Ұланбатыр қаласы, Моңғолия

    Жоғары білім (саясаттану)

                1981-1984

Чех Техника университеті, Ядролық физика және физикалық инженерия факультеті. Прага қаласы, Чехия

    Жоғары білім

   (докторантура)

               1993-1996

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ:

Ғылыми дәреженің аты

Ғылым саласы

Диплом берген күні

 

 

 

Физика ғылымының магистрі

           Ядролық физика

15.06.1980,

Диплом №4903

Физика ғылымының докторы (PhD)

           Ядролық физика

30.06.1996, Диплом         №АА0000037

 

ҒЫЛЫМИ АТАҚ:

          Ғылыми атақтың аты

Берілген күн

 

 

Физика бойынша қауымдастырылған профессор. ҚР БжҒМ Бақылау комитетінің шешімі

           04.07.2019

    Диплом №0000704

Қазақстанның Ұлттық Жаратылыстану Академиясының корреспондент мүшесі

          17.08.2018

        Диплом №0424

Қазақстанның Ұлттық Жаратылыстану Академиясының толық мүшесі (академик)

         30.05.2022

         Диплом № 0471

 

САБАҚ БЕРЕТІН ПӘНДЕР АТЫ:

- Electricity and magnetism

- Electronics

- Nanotechology and nanomaterials

- Mechanics

- Робототехника

- Физика негіздері

- Жылуөткізгіш теориясы

- Электроника негіздері

- Нанотехнология негіздері

 

ҒЫЛЫМИ ІС ҚЫЗМЕТІ:

Зерттеу бағыты:  Көмір және басқадай қазба байлықтардағы химиялық элементтер құрамын ядролық физика әдістерін арқылы зерттеу.

Маңызды жарияланымдар

- Baimolda D., Bernasconi, G., Markowicz,A., Haselberger, N., «Trace element XRF analysis of Mongolian coals». Journal of Radioanal. and Nuclear Chem. Vol. 185, 1, 1994. 27-34
- Baimolda D., XRFA in Monitoring Impact of Coal Burning. In: Abstracts of 7th International Symposium on Radiation Physics. Jaipur: IRPS, 1997, vol. 1, p.162-163
- Baimolda.D., Trace element analysis of bulk coal samples The European Conference on Energy Dispersive - X-ray Spectrometry. Budapest, from 30 May to 3 June, 1994
- Baimolda.D.,Musilek L., Cechak T., Wolterbeek H, «XRFA in Monitoring Impact of Coal Burning». Radiation Physical and Chemistry Journal. 1998. no. 4-6, p. 627-628
- Baimolda D., Cechak T.,Yerzhenbek B, Tlebaev K. « Determination of sulphur and ash contents in the coal by X-ray fluorescence method» Ponte-International Multidisciplinary Journal of Sciences and Research, Issue 3, Mar 2019, Volume 75,
- Baimolda D., Halas S., Trembaczewski A. «Determination the isotopic composition of some spring waters in Mongolia» Polish Journal of Science. №24 (2020) VOL. 1
- Baimolda D., Ceсhak T., Kulbek M., Khamraev Sh., Yerzhenbek B. «Investigation of new ceramic materials obtained based on the ash of the Yekibastuz coal by X-ray fluorescence analysis» Polish Journal of Science. №24 (2020) VOL. 1
- Баймолда Д., Көмірдің химиялық құрамын зерттеуде аналитикалық әдістерді қолдану. Хабаршы-Вестник. КазНПУ им Абая. Физика-математика сериясы. --№2(58). 2017. 128-135 бет.
- Baimolda D ., Application of the X-ray fluorescence analysis in the coal industry Хабаршы-Bulletin. КазНПУ им Абая// Физика-математика сериясы. -№2(58). -2017. 125-128 бет.
- Баймолда Д., Томаш Чехак Рентген флуоресценсия зерттеу әдісімен минерал құрамындағы темір және титанды анықтау. Хабаршы-Вестник. КазНПУ им Абая. Физика-математика сериясы. -№1(61). -2018. 143-147 бет
- Baimolda D, Tomas Cechak, Marat Kulbek, Investigation of concentric-zonal color effects in polyphase ceramic samples by X-ray fluorescence analysis. Review of Scientific Instruments (American Institute of Physics) Volume 94, Issue 6, 2023 Web of Science Q2, Scopus 53%
- Baimolda D, Cechak T., Tlebaev K.B. `Study of elemental composition of fillers of irradiated polymeric composite by the method of Х-ray fluorescence analysis`. Хабаршы-Вестник. КазНПУ им Абая. Физика-математика сериясы. -№1 (69). -2020. 179-185 б
- Baimolda D, Cechak, Aytan N, Shyngysova Sh. `Determination of sulphur and ash contents in coal by X-ray fluorescence analysis` Хабаршы-Вестник. КазНПУ им Абая. Физика-математика сериясы. -№1 (73). -2021.
- Баймолда Д, Кулбек М, Анаева Э «Актуалные проблемы преподавания физики на английском языке в педагогических высших учебных заведениях» Хабаршы-Вестник. Торайғыров университеті. Серия Педагогическая. №4, 2022. C. 129-136
-Баймолда Д, М.Құлбек, Э.Жаксигельдина Г.Жексенбаева «Полифазалық керамикалық материалдардағы кейбір физикалық-химиялық түрленулердің термодинамикасы» Хабаршы-Вестник. КазНПУ им Абая. Физика-математика сериясы. -№4. -2024.
- Baimolda D, Kulbek M, Anaeva E `Current issues of teaching in English in Kazakh Pedagogical universities` International independent scientific journal, №38, 2022. P.7-10
-Баймолда Д, Досымбек А.Д «Көмірдің құрамындағы химиялық элементтерді рентген флуоресценция әдісімен зерттеу» Международный научно-педагогический журнал « Ізденіс-Пойск». №4, 2023. С 159-165
- Baimolda D, Lennik S `Study of chemical elements contained in coal by X-ray fluorescence method` International Scentific Journal `Science and Education: Modern Time` National Academy of scientific and Innovative Researchn (NAcSIR) №9, 2024. P 24-27

 

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ІС ҚЫЗМЕТІ:

3 монография және 2 оқу құралы

1. «Рентген флуоресценциялық зерттеу әдісін көмір өндірісінде қолдану». 160 бет. Монография. -Павлодар, 2010.

2. «Ағылшынша-қазақша-орысша сөздік». 113 бет . - Алматы, 2013.

3. «Application of X-ray fluorescence analysys in the coal industry». Monograph. 100 p -Алматы, 2018

4. «Электрониканың физикалық негіздері». Оқу құралы. (ҚР БжҒ министрлігінің Республикалық оқу әдістемелік кеңесінің шешімімен ЖОО арналған). 241 бет. Алматы, 2021

5. «Зерттеу жұмысына рентген флуоресценциялық әдісін қолдану/ Application of X0ray fluorescence method for the analysis». Оқу құралы/ Textbook. 143 бет. Алматы, 2022

6. «ҚазПИ түлектері және Байөлкенің алғашқы ұстаздары»  Деректер және естеліктер жинағы. Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ғылыми кеңесінің шешімі бойынша  «Ұлағат» баспасы, 2024, Алматы

 

МАРАПАТТАРЫ:

- ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин» атындағы төс белгісі (2012ж)

- Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «Үздік ұстазы» төс белгісімен (2016ж)

- Абай атындағы ҚазҰПУ-не 90 жыл» мерекелік медалі (2018ж)

- Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «Құрметті қызметкер» төс белгісімен (2020ж)

- «Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекелік медалі» (2021ж)

- Қазақстан Республикасының «Ерен еңбегі үшін» медалі (2023ж)

 


← Вернуться назад