қазақша · русский · english
 
О нас
 
   Главная / Жабал Алшынбекұлы Шойынбет

Жабал Алшынбекұлы Шойынбет

 

Жабал Алшынбекұлы Шойынбет, «Хәкім Абай ғылыми-зерттеу орталығының директоры, ф.ғ.к.
1955 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданында дүниеге келген. 1969 жылы Аққолтық ауылындағы Ш.Уәлиханов атындағы орталау мектепті, 1971 жылы Кентау қаласындағы Ы.Алтынсарин орта мектебін бітірген. 1971-1976 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында білім алған.
Еңбек жолын Созақ ауданында мектепте мұғалім болып бастап, мектеп директоры, аудандық оқу бөлімінде әдіскерлік кабинеттің меңгерушісі, Шымкент облыстық Педагогика қоғамы төрағасының орынбасары, Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылыми-зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкер, ҚР Білім министрлігінде бас маман қызметтерін атқарған. Сонымен қатар Созақ аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, «Молшылық үшін» газеті редакторының орынбасары, ҚР ҰҒА М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының абайтану бөлімінде ғылыми қызметкер, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде қазақ әдебиеті кафедрасында аға оқытушы қызметінде болып, докторантурасын бітірді. Қазіргі күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Хәкім Абай» ғылыми-зерттеу орталығының директоры.
2004 жылы «Абай қарасөздерінің жанрлық және стильдік ерекшеліктері» тақырыбында диссертация жазып, филология ғылымдарының кандидаты атанған. Абайдың академиялық екі томдығын (1995 ж.) және Махамбеттің төрт томдығын (2002 ж.) шығаруға қатысқан. 1986 жылы «Арман қанатында» атты жас жазушылар жинағына әңгімесі енген. «Абай мұрасының өзекті мәселелері» атты (Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ баспасы, 2010ж., М.Мырзахметұлы, М.Әліпханмен бірге) ғылыми жинақтың, «Абайдың дана сөздері» (Алматы: Таңбалы баспасы, 2015ж.), «Абайдың қарасөздерінің ерекшеліктері» (Алматы, «Ұлағат» баспасы, 2015ж.) монографияларының авторы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.

 


← Вернуться назад