қазақша · русский · english
 
О нас
 
   Главная / Абишева Эльмира Даулетқызы

Абишева Эльмира Даулетқызы


ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯНЫ

Абишева Эльмира Даулетқызы 1975 жылы 16 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. Абишева Эльмира Даулетқызы 1998 жылы І.Жансүгіров атындағы Талдықорған университетін «Педагогика және психология» (мектепке дейінгі) мамандығы бойынша үздік аяқтаған.  1998-2000 жылдары І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде «Жекелей әдістемелер» кафедрасында стажер-оқытушы болып жұмыс жасады. 2000 жылы аталған кафедра оқытушысы қызметіне ауысты. 2001 жылдың қараша айынан бастап, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің стажер-ізденушісі болып бекітілді. 2002 жылы желтоқсан айында  әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Этникалық және педагогикалық психология» кафедрасының аспирантурасына оқуға түсті. 30.11.2005 жылы  әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің  Д 14 А.02.32 диссертациялық кеңесінің отырысында пс.ғ.д. профессор С.М. Джакуповтың жетекшілігімен «Мектепке дейінгі ұйымдардағы психолог қызметінің психологиялық қамтамасыз етілуі» тақырыбында 19.00.07- Педагогикалық психология мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады. 

Абишева Эльмира Даулетқызының 100-ден аса ғылыми еңбектері бар.  2011-2015 жылдары аралығында «Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. 2015-2016 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде «Оқыту және тәрбие әдістемесі» кафедрасының доценті міндетін атқарды. 2016-2017 жылы аралығында «Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. 01.09.2017 жылдан бастап қазіргі күнге дейін Абай атындағы ҚазҰПУ-нің жалпы және қолданбалы психология кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқаруда. 2019-2022 ж.ж. І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті жанындағы диссертациялық Кеңестің тұрақты мүшесі болды. 2020 ж. Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттіктің (IQAA) Ұлттық сарапшысы. 2021 ж. Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі.

 

БІЛІМІ

Білім беру мекемесі

Біліктілігі

Аяқтау мерзімі

І. Жансүгіров атындағы Талдықорған университеті

Педагогика және психология (мектепке дейінгі)

1998 ж.

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

19.00.07-Педагогикалық психология (аспирантура)

2005 ж.

  

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ

Ғылыми дәрежесінің атауы

Ғылым саласы

Дипломның берілген күні

Психология ғылымдарының кандидаты

19.00.07 - Педагогикалық психология

 

06.05.2006 ж.

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ  (даярлау деңгейі бойынша тізімі)

Бакалавриат: жалпы психология, даму психологиясы, педагогикалық психология және т. б.

Магистратура: коммуникативті қабілеттерді диагностикалау әдістері.

 

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ - зерттеу тақырыбы, жарияланымдар саны (5 маңызды жарияланымды атап көрсету).

Зерттеу тақырыбы: оқушылардың сыни ойлауын диагностикалау және дамыту;  психологиялық қызмет.

Диагностика способностей детей 10-11 лет по «4К». Учебно-методическое пособие для работников службы «Qabilet» в рамках «Программы измерения интеллектуального и личностного потенциала учащихся общеобразовательных школ РК». Нур-Султан, 2021 - 84 с.
10-11 жастағы оқушылардың «4К» қабілетін диагностикалау. «Qabilet» қызметкерлеріне арналған оқу-әдістемелік құрал. "Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері оқушыларының тұлғалық және зияткерлік әлеуетін өлшеу бағдарламасы" шеңберінде. Нұр-Сұлтан, 2021 - 88 б.
Развитие навыков ХХI века: 4 «К» - критическое мышление, креативность, коммуникация, коллаборация детей 10 - 11 лет. Учебно-методическое пособие для консультантов службы «Qabilet» по развитию способностей 4 «К». Нур-Султан, 2022 - 140 с.
Развитие когнитивных, коммуникативных способностей и эмоционального интеллекта младших школьников. Учебно-методическое пособие. Астана, 2023. с.89.
Жасөспірімдердің сыни ойлау қабілетін диагностикалау. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы, «Психология» сериясы, № 2 (75) 2023. с. 114-119.

 

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТІ - зерттеу тақырыбы, жарияланымдар саны (5 маңызды жарияланымды атап көрсету). Зерттеу тақырыбы: Білім берудің өзекті мәселелері.

1.The theoretic and empirical study of youth self-assessment. International Union of Psychology Science. International journal of Psychology july 26, 2016. Japan, с. 730.  Web of science Core Collection. Impact Factor 1,276. Квартиль - Q 2. 

2.The development of individual self-efficiency among university students. Cypriot Journal of Educational Sciences Volume 17, Issue 2, (2022) 615-625. Scopus Q 3, процентиль 36. 

3.Коммникативные особенности взаимодействия врачей-гинекологов с клиентами. Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Психология», № 1 (66) 2021. С. 52- 57.

4.Исследование половых различий при проведении медиации в ВУЗ-е.  Евразийский национальный  университет имени Л.Н. Гумилева Серия Педагогика. Психология. Социология. № 2 (135) 2021г. стр. 292-300

5.Кинообразование как средство профессионально-личностного развития подростков. Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева Серия Педагогика. Психология. Социология. № 4 (137) 2021г. стр. 409-419.

 

МАРАПАТТАРЫ

1. Талдықорған қаласы әкімінің Құрмет грамотасы (2016ж.).

2. Алматы облыстық мәслихатының Құрмет грамотасы (2017 ж.).

3. Абай атындағы ҚазҰПУ ректорының құрмет грамотасы. (2020).

4. Ғылым және жоғары білім министрінің алғыс хаты (2022).

 


← Вернуться назад