қазақша · русский · english
 
О нас
 
   Главная / Әбішева Рыскен Рахымқызы

Әбішева Рыскен Рахымқызы

 

Әбішева Рыскен Рахымқызы 1955 жылы 25 қазанда Жамбыл облысы, Меркі ауданы Қостоған ауылында дүниеге келген.

1981 жылы Алматы педагогикалық шет тілдер институтының неміс-ағылшын тілдері факультетін бітірген.

2003 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының қазақ филологиясы факультетін үздік бітірген.

2003-2015 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шетел азаматтарына арналған дайындық факультетінің (қазіргі Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті) оралмандар аудиториясында қазақ тілінен дәріс берген. Осы жылдар ішінде 50-ге жуық ғылыми-зерттеу мақаласы ғылыми баспа беттерінде жарияланған.

2012 жылы «Тірі жүріп көргеннің бәрі қызық» атты естеліктер жинағы жазылып,                     2015 жылы толық кітап болып басылып шықты.

2017 жылы «Тасыған өмір, жасыған көңіл» атты кітабы жарық көрді.

Осы жылдары жеке шығармашылығы бойынша жазылған 80-ге жуық мақаласы баспасөз беттерінде жарияланды.

Қазіргі таңда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Шетелдік азаматтарға арналған және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінде аға оқытушы, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, e-mail: rysken55@mail.ru.

 

БІЛІМІ

Білім алған мекемесі

Біліктілігі

Бітірген жылы

Алматы педагогикалық шет тілдері институты

Неміс тілі пәнінің оқытушысы

1981ж.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты

Қазақ тілі пәнінің оқытушысы

2003ж.

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ

Ғылыми дәрежесінің атауы

Ғылым саласы

Диплом берілген күн

Ғылым кандидаты

Филология

27.10. 2011 ж.

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ Қазақ тілі (оқу сауаттылығы)

Ғылыми қызметі - зерттеу тақырыбы, жарияланымдар саны

«Оралмандардың ауызекі сөйлеу тіл ерекшеліктері» /кандидаттық диссертация/. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қазақ филологиясы кафедрасы, 2010 ж.

«ҚХР-дағы қазақ диаспорасының мәдени мұрасы» / «Түркі халықтары мен мемлекеттерінің тарихи­мәдени мұрасы және интеграциялық үдерістер» бағдарламасы аясындағы «Еуразиялық полиэтникалық кеңістіктегі қазіргі түркі тілдерінің даму үдерістері» ғылыми жобасы. Қытай Халық Республикасының Үрімжі қаласына ғылыми іссапар. 2012 ж.

«Тюркские языки в Евразийском пространстве: современное состояние, тенденции и перспективы». Ұжымдық монография.

 

Ғылыми-ӘДІСТЕМЕЛІК қызметі

«Фонетика саласы бойынша жаттығулар жинағы» оқу құралы;

«Кешенді қазақ тілі» / тыңдаушыларға арналған көмекші оқу құралы (бірлескен авторлық);

«Өзге ұлт өкілдерін тілдік ортаға бейімдеу мәселелері» / Абай атындағы ҚазҰПУ-дің 90 жылдығына арналған жас ғалымдардың Х халықаралық конференциясының материалдары/.

«Тыңдаушыларды оқытудағы дәстүрден тыс сайыс сабақтардың маңызы»;

«Сөз мәдениетін қалыптастырудың кейбір мәселелері».

 

марапаттары

Қазақ диаспорасы тыңдаушыларына білім мен тәрбие беруде қосқан үлесі үшін берілген Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының алғыс хаты (2014 ж.);

Университеттің дамуына қосқан үлесі үшін «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 80 жыл» мерекелік медалімен марапатталды (2015 ж.).

 


← Вернуться назад