О нас | Главная /
Джунусова Салтанат Маметжанқызы
Джунусова Салтанат Маметжанқызы
Қысқаша өмірбаяны Шымкент облысы, Түркістан қаласында 1965 жылы 9 қыркүйек күні дүниеге келген. 1982 жылы Түркістан қаласында Мәншүк Маметова атындағы қазақ орта мектебін бітірген. 1982 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің «қолданбалы математика және механика» факультетіне оқуға түсіп 1987 жылы бітірді. 1987 жылы Жамбыл облысы Мерке ауданында №17 Кәсіптік-техникалық училищесінің математика, физика пәндерінің оқытушысы, одан әрі Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара қаласының №33 Кәсіптік-техникалық училищесінде математика, информатика пәндерінің оқытушы қызметін атқарды. 1999 жылдан 2005 жылға дейін оқытушы қызметіне қосымша Алматы қаласы «Даулет» қайырымдылық қорының кадр бөлімінің бастығы қызметін атқарды. 2005 жылы Алматы қаласы Қ.И. Сәтпаев атындағы Ұлттық техникалық университетінің Ақпараттық технологиялар институтына қарасты «Желілер мен жүйелерді программалық қамтамасыз ету» кафедрасында кейін «Компьютерлік және программалық инженерия» (аты өзгерген) кафедрасында аға оқытушы , кеін сениор лектор болып, Информатика, Дискретті математика, Ықтималдықтар теориясы, Программалау технологиясы , Жасанды зерделер жүйесі, Параллаль есептеулер, Автоматтар және тілдер теориясы, Алгоритмдер және мәліметтер құрылымы, пәндерінен дәріс оқыды. 2017 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Шетелдік азаматтарға арналған және ЖОО дейінгі дайындық факультетіне аға оқытушы, кейін деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды
БІЛІМІ:
ҒЫЛЫМИ БАҒЫТЫ: Дискретті математика. Графтар теориясы. Математика пәнін оқытудағы жаңа ақпараттық технологиялардың маңызы.
ҒЫЛЫМИ - ӘДІСТЕМЕЛІК БАҒЫТТА ЖАРИЯЛАНҒАН МАҚАЛАЛАР: Халықаралық конференциялардда жарияланған бірнеше мақалалары , оқу әдістемелік нұсқаулықтары, типтік бағдарламалары бар
МАРАПАТТАРЫ: - Алғыс хат. ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы Сізге қай кезде де қоғамды алға бастыртатын еліміздің білім беру жүйесі мен бәсекеге қабілетті ұрпақты тәрбиелеуде жүргізілетін тестілеуді ұйымдастыру мен өткізу барысында көрсеткен кәсіби шеберлігіңіз бен жоғары жауапкершілігіңіз үшін алғыс білдіреді. Астана қаласы, 2015 жыл - Құрмет грамотасы. Университеттің оқу-тәрбие ісі мен қоғамдық оміріне белсене атсалысқаны үшін Алматы: ҚазҰПУ, 8 наурыз 2020 ж. Өзінің кәсіби және педагогикалық біліктілігін үнемі жетілдіріп отырады.
← Вернуться назад |
050010, Республика Казахстан
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
Канцелярия: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Приемная комиссия: 8(727)291-57-68
Call-центр: 8 (727) 221 85 14
Сектор Психологической службы: 8 700 976 89 97
Прием граждан по личным вопросам
|
|
Цифровой центр обслуживания студентов «Шапағат» Статистика посещений
|