О нас | Главная /
Рахимова Гульнара Дүйсенқызы
Рахимова Гульнара Дүйсенқызы
Қысқаша өмірбаяны
Рахимова Гульнара Дүйсенқызы 1975 жылдың 14 наурызында Шымкент облысы Жетісай ауданының Ворошилов совхозында дүниеге келген. · 1981-1991 жж. Жетісай ауданына қарасты Ворошилов совхозында орналасқан «Қазақ ССР-інің 40-жылдығы» атындағы жалпы орта мектебін күміс медальмен бітірген. · 1991-1996 жж. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетін бітірген. · 1999-2002 жж. аралығында Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогика институтының 09.00.11 – әлеуметтік философия мамандығы бойынша аспирантурасының күндізгі бөлімін тәмамдаған. · 2006 жылы «Құрманғазы дүниетанымы қалыптасуының мәдени философиялық алғышарттары» тақырыбында 09.00.13 – Дінтану. Философиялық антропология. Мәдениет философиясы мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғаған. · 2006-2007 жж. Қазақ қатынас жолдары университетінде доцент қызметін атқарған. · 2007 ж. бастап Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогика университетінде қызмет атқарады. · 2011-2013 жж. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Филология» факультетін бітірген. Философия ғылымдарының кандидаты (2006 ж). 50-ден астам ғылыми мақалалар мен 2 монографияның авторы. Зерттеу саласы – Философиялық антропология, мәдени антропология, мәдениет философиясы. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы.
Білімі
Ғылыми дәрежесі
Оқитын пәндері (дайындық деңгейлерінің тізімі)
Негізгі еңбектері 1. Рахимова Г.Д. Құрманғазы дүниетанымы қалыптасуының мәдени-философиялық алғышарттары. Монография. Алматы: «Techmith» баспасы, 2023.-200 б. 2. Таирова Б.Л., Рахимова Г.Д. Ғылым дамуының философиялық мәселелері. Монография. Алматы: «Techmith» баспасы, 2023.-156 б. 3. Consent Strategies: Cultural and Civilizational Paradigms for Communicative Rationality and Axiological Identity. Volume 7, Issue 6, 2022. Philosophies, 7(6), 129. https://doi.org/10.3390/philosophies7060129 https://www.mdpi.com/2409-9287/7/6/129/htm Skopus Q1- Philosophy Percentile – 78 ORCID:0000-0002-8135-0824
Марапаттары 1.Мерекелік медаль «Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіне 90 жыл». Куәлік №619 (2018). 2. Абай атындағы ҚазҰПУ-дің «Үздік ұстаз» төсбелгісі. №845 (2022 ж.). 3. Абай атындағы ҚазҰПУ-дің «Үздік қызметкер» төсбелгісі. №871 (2022 ж.). 4. Мерекелік медаль «Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіне 95 жыл». Куәлік № 113 (2023 ж.). ← Вернуться назад |
050010, Республика Казахстан
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
Канцелярия: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Приемная комиссия: 8(727)291-57-68
Call-центр: 8 (727) 221 85 14
Сектор Психологической службы: 8 700 976 89 97
Прием граждан по личным вопросам
|
|
Цифровой центр обслуживания студентов «Шапағат» Статистика посещений
|